Семей теміржолшылары арасында волейболдан жарыс өтті

Спорт
17.05.2022, 12:13
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде волейболдан кезекті біріншілік болып өтті. Бұл жолғы чемпионатқа желі бойынан жалпы саны 6 команда қатысып, өзара шеберлік сынасты.

Ойынға қатысқан теміржолшылардың барлығы да өз командалары бойынша алдын ала іріктеуден өткендіктен тек кіл мықтылар ғана жиналған болатын. Сондықтан да, кездесулер барысы мейлінше тартысты өтіп, сауатты ойын үлгісін көрсетті.

Алғашқы топтық кезең өзара қарымта алмасумен ғана өткенімен, шешуші соңғы сәтте үздік үштікке ілінуге тырысқан командалар барын салды. Мәселен, үшінші орын үшін таласқан Жаңа-Семей мен Семей станцияларының ойыны қызу өрбіді. Қарым-қабілеттері деңгейлес, бұрыннан бәсекелес саналатын қос команда біразға дейін есеп аша алмады. Әйтсе де, соңғы сәттерде Семей станциясының ойыншылары есебін тауып, қарсыластарын қапы қалдырды. Бұл ойынның жалғасына елеулі ықпал еткені анық.

Ал ақтық сында жолығысқан ПЧ-39 бен НЖС-6 командалары бірінші және екінші орындарды сарапқа салған болатын. Жанкүйерлер делебесін қоздырған бұл ойында жолшылар ұпай санымен басым түсіп жеңіске жетті.

Осылайша бас жүлдені Рахат Ботаспаев басқаратын Семей жол дистанциясының құрыш білекті жігіттері иеленді. Екінші орын Семей магистральдық желі бөлімшесі ойыншыларына бұйырса, жүлделі үшінші орынды Семей станциясы місе тұтты.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті