Қазкөліккәсіп 30 жылдығына арналған шағын футбол турнирі аяқталды

Спорт
19.07.2022, 14:40
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жексенбі күні Магистральдық желі дирекциясына қарасты құрылымдық бөлімшелер арасында Көлік қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 25 жылдығы мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдығына арналған шағын футбол турнирі аяқталды.

Дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінен барлығы 9 команда қатысқан ойын іріктеле келе, финалға 4 команда шықты. Жол және құрылыс департаменті мен «Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешені командаларының сайысында жолшылар мерейі үстем болды. 

Келесі кезекте дирекцияның қаржыгерлері мен заңгерлері арасында бірінші орынға таласқан тартысты ойын болды. Екі команда футболшылары да осал емес екендіктерін танытып, жеңісті қолдан бермеуге барын салып бақты. Екі жақтың тайталасы бітпесін білген тәуелсіз төреші таяп қалған уақыттың соңғы минуттарын пенальтиге арнап, сол арқылы жеңімпазды анықтауға шешім қабылдады. Бұл енді шешуші кезең еді. Заңгерлер қаржыгерлер командасына бір гол салса, қарсыластар дереу ұпайды теңестірді. Осылайша, алма-кезек гол салу жалғасып жатты. Ертелі-кеш біреуінің қателікке ұрынарын білетін жанкүйерлер демдерін ішке тартып, аңдысын аңдып отырды. Бір мезет... иә, көпшілік күткен қателікке қаржыгерлер командасының ойыншысы ұрынды. Ол тепкен доп қақпаға кірмей, қақпаның жоғарғы тіреуішіне тиді. Сонымен ойын нәтижесі бойынша 1-орынды дирекцияның заңгерлер командасы қанжығасына байлап, ауыспалы Кубоктың иегері болса, екінші орынды қаржы, инвестициялық жоспарлау және техникалық даму департаменттерінің қызметкерлерінен құраған команда еншіледі. Ал үшінші орын Жол және құрылыс департаментінің командасына бұйырды. Барлық жеңімпаз командалар грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Сондай-ақ, «Үздік қақпашы» аталымы бойынша Бақыт Сүлейменов (ЦФК), ал «Үздік қорғаушы» болып Бағдат Әбілқасымов (ЦП) танылса, қақпаға көп гол салған «Үздік шабуылшы» ретінде Асхат Шопабай (ЛЖС) анықталды. Оларға құрмет грамоталарымен қатар француз үйіне сертификат табысталды. 

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Абай Досанов мұндай спорттық жарыстар салауатты өмір салтын ұстанумен қатар дирекция қызметкерлері арасында корпоративтік рухты нығайтып, достастықты күшейтетінін жеткізді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты