Маңғыстау теміржолшылары арасында футболдан іріктеу ойындары жалғасып жатыр

Спорт
23.08.2022, 11:14
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының үздік футболшыларын анықтау үшін алдын ала іріктеу ойындары жалғасуда. Жуырда теміржолшылар кәсіби одағының қолдауымен Ұлттық компанияның және кәсіподақтың мерейтойларына арналған кезекті сайыс өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Расында осы жылы спорттық шаралардың, оның ішінде шағын футбол жарыстарының көп ұйымдастырылуы түбектік теміржолшыларды жартылай футболшыға айналдырып жібергендей. Сондықтан да болар, соңғы жарыстар кәнігі ойыншылардың ойынынан бір де кем болмады. Бұл жолы да әбден ширап, жақсы жаттыққан командалар бір-біріне дес бермей ұзақ аңдысты. Ойын сонысымен де қыза түсті. Локомотив, вагон деполары мен станцияның, жол шаруашылығы мен байланыс саласының «сен тұр, мен атайын» деген кіл мықтыларынан құралған сегіз команда қатысты. Таңғы тоғызда басталған жарыс қас қарайғанға дейін созылды.  

– Бұл жолғы сайыс өте тамаша, жоғары деңгейде өткен ойын болды. Жанкүйерлер де ойынның қызығына кіріп кеткені сонша, күні бойы алаңнан алысқа ұзамай аңысын аңдумен болды. Сегіз команданың бәрі де жақсы ойнады. Бірнеше айдан бері өтіп жатқан жарыстар шынымен кіл мықтыларды іріктепті. Дегенмен, «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының командасы қарсыластарын түгел жеңіп, жүлделі бірінші орын алды. Екінші орынды Маңғыстау локомотив депосының командасы, ал үшінші орынды «Вагонсервис» мекемесінің жігіттері иемденді. Жеңімпаздар кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйлық, кубок, дипломмен марапатталды, – дейді Маңғыстау теміржолшыларының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.  

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?