Теміржолшылар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады

Спорт
01.11.2022, 11:10
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар қайырымдылық шараларын атқаруда аянып қалған емес. Әсіресе, өздері қамқорлыққа алған қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көп көңіл бөледі.

Өткен демалыста теміржолшылар №8 отбасылық үлгідегі балалар үйінің балғындары үшін шағын футболдан сайыс өткізіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл мекемедегі балақайлар мен теміржолшылар арасындағы жылы қарым-қатынас баяғыдан орнаған. Сондықтан болар, олардың арасында болашақта теміржолшы болсам деп армандайтындар аз емес.  

Спорттық жарыс түрінде өткізілген қайырымдылық шараның беташар рәсімінде сөз сөйлеген бөлімше директоры Владимир Бабиченко балаларды өз елдерінің патриоты болуға үндеп, спортты серік етуге шақырды.  

Бөлімше басшылығы мен жергілікті салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен шарада балалар үйінің тәрбиеленушілері екі топқа бөлініп, шағын футбол ойнады. Балалар ойынын қызықтаған үлкендер нәтижесінде екі команданы да жеңімпаз деп жариялап, арнайы мақтау қағаздарымен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бөлімше басшысы Владимир Владимирович футболшылардың теңбіл добын сыйласа, кәсіподақ тарапынан тәтті сусындар мен шоколадтар таратылып, естелік суретке түсті.  

Кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов мұндай қамқорлық шаралары кәсіподақ ұйымының көңіл бөлуімен алдағы уақытта да өткізілетінін жеткізді. Айтуынша осыған дейін де түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, балаларды бөлімшеге шақырып, теміржолшылар жұмысымен таныстырған болатын. Түрксіб мұражайы да балақайлардың жиі келетін орнына айналған.  

 

Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті