Зейнеткерлер арасында шахматтан сайыс өтті

Спорт
18.11.2022, 10:36
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда теміржолшы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бөлімшеде зейнеткерлер арасында шахмат сайысы өтті.

– Жылына бір рет теміржол саласы ардагерлерінің басын қосып шахмат, дойбы жарыстарын өткізіп тұрамыз. Біреулер ойынға қатысса, енді біреулері бұрынғы үзеңгілес қызметтес болған жолдастарымен кездесіп, өткен күнді еске алып, әңгімелесуге келеді. Ойынға қатысушыларға қолдау білдіреді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді бөлімше жастарына дағды, үлгі-өнеге ретінде қалдырсақ, нұр үстіне нұр емес пе? – дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисенбі Шермаханов.

Шахмат жарысына Қызылорда қосалқы бөлімінің Мұхтар Өмірзақұлы басқаратын кәсіподақ ұйымы демеушілік жасады. Шахмат ойыны өте қызықты өтті. Бірі қарсыласын ұпай санымен ойсырата жеңсе, енді бірқатары тең ойын көрсетті. Шаршы тақтада шахмат фигураларын шырқ айналдыратын мықты ойыншы Әлібек Аманжолов бұл жолы бір жағдайлармен сайысқа қатыса алмады. Ақыл-ой спорты нәтижесінде ардагер Тұрақбай Қалиевтің асығы алшысынан түсіп, 1-орынды иеленсе, Серік Ермаханов 2-орынды еншіледі. Ал тең ойын көрсеткен Рахметулла Нұрымбетов пен Айдар Мұстафаев үшінші орынды өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздарына ардагерлер кеңесі мен Қызылорда қосалқы бөлімінің кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржылай, ал қатысушыларға ынталандыру сыйлығы берілді.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты