Шағын футбол: Локомотившілер жеңіс тұғырынан көрінді

Спорт
06.12.2022, 11:25
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада Семей ЖТ бөлімшесі бойынша алдағы Тәуелсіздік мерекесіне орай спорттық шаралар жалауын көтерді. Байрақты бәсекеге бөлімше бойынша барлық мекемелер қатысуда.

Спорт десе ішкен асын жерге қоятын жергілікті теміржолшылар қауымының сұрауы бойынша алғашқы кезекте шағын футболдан бөлімше біріншілігі өткізілді. Спорттың бұл түрі семейлік сала қызметкерлері арасында кеңінен танымал әрі өңір бойынша жақсы дамыған. Сондықтан болар, бұл жолғы турнирге сақадай сайланып келген сегіз команда өзара сынға түсті.  

Салалық кәсіподақтың демеушілігімен өткен жарыстың беташарында сөз алған ұйым төрағасы Алик Досанов барша қатысушыларға жарыс жолында сәттілік тіледі. Төрешінің ысқырығымен бөлімше біріншілігі басталып, жеребе бойынша жарыс жолына шыққан командалар бір-біріне дес бермей алға ұмтылуға тырысты. Өзара қарымта байқасқан командалар арасында Жаңа-Семей станциясы мен ШЧ-29 футболшылары тәп-тәуір ойын өрнегін көрсете білді. Сол тәрізді қарымта шабуылмен көзге түсіп, жанкүйерлерін желпіндіріп тастаған командалар арасында ӘТЖК Семей филиалы мен НЖС ойыншылары да ерекше көзге түсті.  

Дегенмен финал барысында ойын өрнегі мүлде өзгеріп, тосын жайттар орын алды. Бәзбір жылдары бөлімшенің ғана емес, ұлттық компания бойынша бірнеше мәрте чемпион болған ТЧЭ-24 командасы бұл жолы да суырылып алға шығып, бас жүлдені қанжығаларына байлады. Ал тас қамал берік қорғаныс пен шабуылды үдеткен Жаңа-Семей станциясының футболшылары екінші орынды жеңіп алса, жүлделі үшінші орын экс-чемпион Семей белгі беру және байланыс дистанциясының ойыншыларына бұйырды.  

Біріншілік барысындағы барлық жеңімпаз командалар арнайы кубокпен марапатталды.

– Тәуелсіздік күні құрметіне өтетін ойындар әлі де жалғасатын болады. Алда тағы да тартысты сәттер бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта қысқы спорт түрінен бөлімше біріншілігін ұйымдастыратын боламыз, – дейді «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы, кәсіпқой футболшы Жанат Мойынбаев.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті