Ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

Спорт
16.12.2022, 12:09
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік мерекесіне орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде ардагерлер кеңесі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті.

Бөлімшедегі кәсіподақ ұйымының жетекшісі Нұрбол Нұрышев мереке қарсаңында Тәуелсіздік жылдары тер төккен ардагерлерге құрмет көрсетіп, осындай шара ұйымдастырып отырғандарын жеткізді.  

– Бүгін сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Еңбек демалысынан ой демалысына ауысайық деп сіздерді әдейі шақырып отырмыз. Кезінде бәріңіз Атырау темір жолының дамуына үлес қосқан азаматсыздар. Бір-біріңізді сағынатын да кездер болады. Бүгінгі күн сіздердікі, қош келдіңіздер! – деп жылы шырай білдірді.  

Бөлімшенің спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиев жеребе үлестіріп болған соң, ойыншылар жұбын анықтап, әркімнің қарсыластарын атады. Әрине, шахмат – патшалар ойыны деп бекер айтылмаған. Әр қадамыңды «жеті өлшеп, бір кесіп» дегендей әбден ойланып жүру керек. Сондықтан уақыттан қысым болған жоқ. Арасында қариялар шай ішіп, серігіп алуға да мүмкіндік жасалды. Кәсіподақ есебінен дастархан жайылып, ас-су әзірленіпті. Әрине, ойыншылардың қай-қайсысы да намысты қолдан бермеуге тырысты. Мүлт кеткен, «әттеген-ай» дегізген сәттер де болды. Дегенмен, жарыс болғасын біреу ұтып, біреу ұтылмақ. Бұл жолы да Атырау локомотив депосының зейнеткері А.Жүгенбаев замандастарын қапы қалдырып, 1-ші орынды жеңіп алды. 2-ші орынды НЖС ардагері Б.Жансариев, 3-ші орынды бұрынғы НЖС басшысы О.Райсов иеленді. Жеңімпаздарға лайықты сый-сияпат жасалды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты