Тастаяқ шеберлері анықталды

Спорт
27.12.2022, 11:25
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Принц» бильярд клубында аталған спорт түрінен турнир өтті.

Қазақстан тәуелсіздігі күні мерекесі мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұйымының 30 жылдығына орай өткізілген спорттық тастаяқ сайысына 15-тен астам теміржолшы қатысып, кіл мықтылар анықталған.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының спорттық шараларды ұйымдастырушы-нұсқаушысы Елена Маньшинаның айтуынша, теміржолшылар арасында саламатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етуді дағдыға айналдырған жандар көп. Соған орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалы теміржолшылар арасында сан түрлі спорттық шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Ал бекзат ойын – бильярд ойнайтындар да аз емес екен және шеберлігі бір-бірінен асып түсіп жатты. Айталық, жол дистанциясы мен белгі беру және байланыс дистанциясы, Шымкент станциясы, Арыс локомотив пайдалану депосының ТД-16 бөлімі, магистральдық желі дирекциясы мен «Вагон пайдалану депосы» АҚ-ның жұмысшылары арасында тартысты өткен жарыста үш үздік жеңіс тұғырынан көрінді. Олар: Шымкент станциясының операторы Миранбек Мырзағұлов пен жол дистанциясының 5-ші разрядты жол шебері Мақсат Жолдасов және ТД-16 мекемесіне қарасты электровоз машинисінің көмекшісі Нұрболат Салходжаев. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты