Тек қана қыздар!

Спорт
07.03.2023, 11:42
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолында спортты серік ететін қыз-келіншектер көп. Ұлттық компания көлемінде өтетін түрлі сайыстарда топ жарып жүргендердің де қатары мол. Өткен демалыс күні халықаралық әйелдер күні құрметіне қыздар қауымы өзара жолдастық кездесу өткізді.

Бөлімшенің кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен өткен шарада нәзік жандар волейболдан өзара шеберлік сынасты. Семей және Жаңа-Семей станцияларының спортшы қыздары қатысқан жарыс жоғары деңгейде өтті. Алдымен сайыстың салтанатты ашылуы рәсімінде бөлімшенің кәсіподақ төрайымы Данагүл Өтеленова сөз алып, барша қыз-келіншектерді келе жатқан көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. 

– Басты мақсат – жеңіске жету емес, өзара достық қарым-қатынасты, әріптестер арасында сыйластықты нығайту, – деген Данагүл Айтқалиқызы спортты үнемі серік ету қыз-келіншектер қауымының дені сау болумен қатар сымбатының да арта түсуіне септігін тигізетінін тілге тиек етіп өтті. 

Ә дегеннен қызу қарқынмен басталған ойында Семей станциясының қыздары шеберліктерін байқатты. Жанкүйерлерінің қиқуымен жігерленіп, айқын басымдықпен жеңіске жол сала бастады. Әйтсе де, ойынның екінші жартысында жаңа-семейлік қыздар күш ала бастады. Салтанат Серікқан, Айнұр Атшабарова, Гауһар Шұңғылова, Айдана Мұсабаева, Фариза Амантаева сынды станцияның техкеңсе қыздары дүркін-дүркін шабуылға шығып, қарсыластарын қатты састырды. Ширақ қимылдап, ала допты қақпақыл қылған қыздар ойын барысын мейлінше қыздыра түсті. Нәтижесінде жоғары деңгейдегі даярлықпен келген Жаңа-Семей станциясының қыздары жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаз командаға арнайы мерекелік кубок тарту етілді. Сонымен қатар, сайыста өнер көрсеткен барлық қыз-келіншектер сый-сияпатқа ие болды. 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды