Семейлік теміржолшылар шаңғы жарысын табиғат аясында түйіндеді

Спорт
14.03.2023, 11:29
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары арасында жылдағы дәстүрге сай шаңғыдан жекелей және командалық жарыстар өтті. Қала іргесіндегі қарағайлы орман ішінде ұйымдастырылған шара табиғат аясындағы тамаша демалыс болды.

Теміржолшылар «кәсіподақ шаңғысы» атайтын бұл дәстүрлі жарыс биылғы ұйымдастырылған қысқы спорт түрлерінің ең соңғысы, қорытынды жарыс болатын. Сондықтан болар, оған желі бойындағы әр мекемеден 30-дан аса теміржолшы қатысты. Ең алдымен барлық қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай өзара бірнеше топқа бөлінді. Әйелдерден екі топ, ерлерден екі топқа жіктеліп, қалың орман арасындағы жалғыз аяқты шаңғы жолына түсті.  

Жарыс ережесі бойынша әйелдер шаңғымен 1 км, ерлер 1,5 км қашықтықты жүріп өтуі керек. Барлық қатысушылардың өзіндік тәжірибелері бар болатын. Сондықтан бірінен бірі қалыспай мәреге жетуге барын салды. Қиқуға толы қызықты өткен сайыс қорытындысы да көп ұзамай белгілі болып қалды.  

Өз топтарында жеңімпаз атанған теміржолшылар арасында 1-орынды ПЧ-39 мекемесінен Анар Нығметжанова, кәсіподақ есепшісі Сәуле Асқарова, ЭЧ-18 қызметкері Нұрболат Мейіржан, НЖС-6 бөлімшесінен Нұрлан Бегадилов иеленді.  

Екінші орын алған теміржолшылар қатарында әуесқой шаңғышылар Айнұр Магапиянова, Раушан Нұрмағамбетова, Еркін Қабышев, Аманжол Шурахметов болды. Олардың бәрі арнайы марапатталып, Алғыс хаттар табыс етілді. Үшінші орын алғандар да марапаттан құр қалған жоқ.  

Айта кетерлігі, сайысқа жанкүйерлер қауымы да мол жиналған болатын. Олар өз мекемелерінен қатысқан шаңғышыларға белсенді түрде қолдау көрсетті. Нәтижесінде барлығы да сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болды. Жарыстан кейін желі бойындағы мекемелер кәсіподақ ұйымдарының ұйытқы болуымен жасыл орман аясында ыстық бәлішпен шай ішілді.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті