Семейде Наурыз мерекесіне орай волейболдан жарыс өтті

Спорт
21.03.2023, 10:35
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар салалық кәсіподақ ұйымының бастамасымен көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурыз-2023» атты волейбол сайысында шеберлік сынасты.

Жылдың айтулы спорттық сайысы болғандықтан оған желі бойындағы барлық мекемелердің командалары қатысты. Спорттық сайыстың ашылу салтанатында Әнұран ойналып, барша қатысушылар Мемлекеттік Туға қарап сап түзеді. Осыдан соң бөлімше кәсіподақ ұйымының төрайымы Данагүл Өтеленова көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушыларға жеңіс тіледі. Барлық теміржолшыларды салауатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде спортты серік етуге шақырды.  

Күні бойы жалғасқан жарыс барысы мейлінше тартысты өтті. Әсіресе локомотившілер мен жолшылардан тұратын команданың ойыны аса тартысты өрбіп, қызуқанды жанкүйерлердің қиқуына ұласқан сайыста жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Барлық командалар кілең мықты ойыншыларын іріктеп әкелген сынды. Сондықтан тек шамалы ұпай айырмашылығымен бірнеше команда жеңіс тұғырына көтерілді. Жүлделі үшінші орынды Жаңа-Семей командасы иеленсе, екінші орынды ТЧЭ-24 машинистері қанжығаға байлады. Ал бас жүлдені осымен сегізінші мәрте бөлімше чемпионы атанған ПЧ-39 командасы тағы да жеңіп алды. Барлық жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтар алды.  

Үздік өнер көрсеткен Олжас Санақбек, Мейір Садуахасов, Ержан Еппаев, Медет Қазезов, Сұлтан Қаленов сынды теміржолшылар кәсіподақтың мақтау қағазымен марапатталды.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды