Samruk Marathon: ҚТЖ қызметкерлері 12 медаль жеңіп алды

Спорт
28.05.2023, 16:43
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жексенбі күні Астанадағы Триатлон паркте «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына арналған Samruk Marathon жарысы өтті. Оған аталған акционерлік қоғамға қарасты 22 компаниядан мыңнан астам қызметкер, соның ішінде «ҚТЖ» компаниясынан 230-дай теміржолшы мен олардың отбасылары қатысты. Жарыс нәтижесінде компания қызметкерлері жүлделі орындардан 12 медальге ие болды.  

Маңызды іс-шараға дайындық бірнеше ай бұрын басталды. Барлық қатысушылар марафонға дейін паркте жаттығуға жиналып, жүгіруден дайындалды. Бір күн қалғанда старттық пакеттер таратылды. «Бұл іс-шара салауатты өмір салтының құндылығы мен маңызын әспеттейді. Ең маңыздысы, бұл марафон «Самұрық Қазына» компаниялар тобының 200 мыңдық ұжымын біріктіріп, өзара байланысты арттырады», - деді Қор басшысы Нұрлан Жақыпов.  

Іс-шара аясында қызметкерлердің балалары үшін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жеңіл атлетикадан акция ұйымдастырылды. Балаларға арналған қашықтық 1 км болды. Оны жалпы қор бойынша 100-ге жуық бала жүгіріп шықса, соның ішінде теміржолшылардың 9 баласы қатысты. Ал ересектер арасында жарыс әуесқойлар үшін 5 км және кәсіпқойлар үшін 10 км қашықтыққа жүгіруден өтті.  

Марафон нәтижесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері 10 медальді қанжығасына байлады, атап айтқанда, 4 қызметкер 1 орын, 3 адам 2 орын және 5 теміржолшы 3 орынға ие болды. Жүлделі орындарды тарқатып айтар болсақ, 5 км қашықтықта 30-39 жас аралығындағы қатысушылар арасынан абсолютті есепте  бірінші орынды «ҚТЖ» ҰК» АҚ шағым және талап-өтінімдер жұмысы департаменті тобының басшысы Берік Байжанов иеленді.

– Компания мен қордың ұйымдастыруынан бөлек Алматы және Астана қалаларында жүгіру жарыстарына қатысып тұрамын. Былтыр да компанияның марафонында жеңімпаз болғанмын. Салауатты өмір салтын ұстанамын және соған баршаңызды шақырамын, – дейді жеңімпаз қызметкер.  

Осы қашықтықта 40-49 жас аралығында қатысқандар арасынан 3 орынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС құру жоспарын әзірлеу және көрсеткіштер департаментінің қызметкері Азамат Байдусенов алды. 5 км қашықтыққа жүгірген 50 жастан жоғары әйелдер арасында компанияның «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері Насима Ибраева 2 орынға лайық нәтиже көрсетті. Тура осы қашықтық пен жас шамасы бойынша ерлер арасында 1 орынды «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев иеленсе, 3 орынды компанияның Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының техникалық саясат және өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Тлеужан Оразбаев алды.  

Ал 10 км қашықтықта 18-29 жас аралығында қатысушылар арасынан бірінші орын Семей жол дистанциясының жолшысы Еркебұлан Ахмадиевке берілді.  

– Бұл марафонға бір жыл дайындалдым. 10 шақырымды 3 км жүгіргендей өте шықтым. Былтыр да ҚТЖ компаниясы ұйымдастырған марафонға қатысып, бірінші орын алған едім. Өте қуаныштымын. Барша қазақстандықтарды осындай ауқымды іс-шараларға қатысып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырамын, – дейді ол.  

Осы қашықтықта 40-49 жас аралығындағы әйелдер арасында 3 орынды «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының өкілі Шынар Ғайсина алса, аталған жас шамасы бойынша ерлер арасында 2 орынды компанияның қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің өкілі Руслан Молдағалиев, 3 орынды Магистральдық желі дирекциясының Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаментінің бас менеджері Тілеген Бисенов иеленді. Осы қашықтықта 50 жастан жоғары әйел қатысушылар арасында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк тасымалы есебі мен халықаралық өзара есеп бойынша департамент қызметкері Динара Шаймерденова жеңімпаз болды.  

Сонымен қатар компания қызметкерлері арасында жүгіру жарысының нәтижелері бойынша жүлделі орындарға 3 апелляция берілді.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты