Отбасылық сайыс өтті

Спорт
02.06.2023, 12:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қамқор Локомотив» ЖШС «Астана локомотив жөндеу депосы» филиалының жұмысшылары мен олардың балалары арасында «Әкем, анам және мен – спортшылар отбасы!» жарысын өткізді.

Елорданың «Көктал» саябағында өткен мерекелік іс-шараға «Қамқор Магистраль» кәсіподақ бірлестігі мен Астана қаласына қарасты Сарыарқа ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік саласы бөлімі қолдау көрсетті.  

Жарысқа Астана локомотив жөндеу депосының жұмыскерлері мен олардың 7-9 жас аралығындағы балаларынан құралған 6 команда қатысты. Әрбір отбасылық командаға арнайы дайындалған түрлі-түсті әдемі футболкалар мен бейсболкалар таратылды. Ойынға қатысушы ата-аналар мен балаларды «Қамқор Локомотив» ЖШС техникалық директоры Жанатбек Адамбаев пен «Қамқор Магистраль» кәсіподақ ұйымының төрағасы Светлана Байқадамова құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Командалар тапқырлық пен ептілікті, шапшаңдық пен табандылықты талап ететін әртүрлі тапсырмаларды орындап, көңілді және тартысты ойын көрсетті. Ата-аналар балаларымен бірге балаша қуанып, қайта оралмас балдәурен шақтарына саяхат жасап қайтқандай болды. Мерекеге арнайы шақырылған мультфильм кейіпкерлерінің костюміндегі аниматорлар балалар қуанышын еселеп, есте қаларлық тамаша күй сыйлады.  

Спорттық жарыстың ең кульминациялық сәті – марапаттау кезеңі болды. «Қамқор Локомотив» ЖШС жарысқа қатысушы отбасыларға ғана емес, сондай-ақ жанкүйер болып келген теміржолшылардың балаларына да сыйлық таратты. Сайыстың аты сайыс болғандықтан, алты команданың арасынан асығы алшысынан түсіп, топ жарған отбасы да болды. Ол – Мұхтар Сапаралиннің «Бәйтерек» отбасылық командасы. Барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындап, бірінші орын мінберінен табылған командаға сыйлыққа велосипед табыс етілді. Ойынға түскен бес отбасылық команданың қатысушылары Мұрат Барқаев, Қолқанат Қарабалаев, Жайнагүл Хамза, Бота Бейсембаева, Жанар Хасенбаеваға қазылар алқасының қорытындысы бойынша «Ең тапқыр отбасы», «Ынтымақты отбасы», «Креативті отбасы», «Мықты отбасы», «Мерейлі отбасы» номинацияларымен дипломдар және сыйлыққа самокаттар табысталды. Ал кәсіподақ бірлестігі атынан Светлана Байқадамова жарысқа қатысушы ата-аналарға ақшалай сыйлық табыс етті.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты