Теміржолшы әулеті республикалық турнирде жеңімпаз атанды

Спорт
13.09.2023, 14:05
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Алматыда «Отбасы күніне» орай «Бір атаның балалары футбол ойнайды» республикалық турнирі өтті. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан спорттық шарада биыл теміржолшылар әулеті топ жарды.  

Арыс станциясынан келген Жаңабаевтар командасы республикалық турнирге осымен жетінші рет қатысып отыр және жеңіс тұғырынан көріне білді. Әйгілі теміржолшылар династиясын құрайтын әулет мүшелерінен жасақталған командаға жетекшілік ететін Панзарбек Жаңабаев бүгінде зейнеткер. Қырық бес жыл Арыс белгі беру және байланыс дистанциясынан электромеханик болып еңбек еткен. Сол кісінің бастамасымен 2016 жылы теміржолшылар әулетінің командасы құрылған. Содан бері спорттық додаларға тұрақты түрде қатысып келеді.

Қыркүйектің 9-10 күндері аралығында өткен республикалық турнирде еліміздің әр түкпірінен келген 24 команда шағын футболдан бақ сынасып, кім мықтыны анықтады. Жарыстың шарты бойынша турнирге тек бір атадан тараған әулеттің мүшелері қатыса алады. Аталған турнир осымен 22-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Жаңабаевтар әулеті бұған дейін сайысқа қатысқанымен, жүлдегерлер қатарынан көріне алмапты. Осы жолы жақсы дайындықпен келіп, жеңіске қол жеткізді.

Топтық сайыста теміржолшылардан құралған Жаңабаев командасы екі команданы қиындықсыз ұтты. Одан кейін былтырғы күміс жүлдегер Базарбаевтар командасымен кездесті. Бұл ойын өте тартысты болды және ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 ұпайымен аяқталды. Пенальтиде 4:3 есебімен теміржолшылар әулеті ұтып кетті.   Ширек финалда былтыр жеңімпаз болған Мұхтар ата командасымен бақ сынасты. Оларды 2:0 есебімен ұтып, финалға шыға білді. Шешуші сайыста Нұрсейітовтер командасымен кездесіп, оларды да 2:0 есебімен ұтып, осы турнирдің жеңімпазы атанды.

Команданың жетекшісі Панзарбек Жаңабаев теміржолшылар атынан шығып жүрген командаға ҚТЖ тарапынан қолдау болса деген ойын білдірді. Өйткені отбасылық жарыстар еліміздің әр түкпірінде өтеді, оған бару жолы, тұратын жердің қаражаты команда мүшелеріне ауыртпашылық етеді. Осы жағынан Ұлттық компания қолдау білдірсе деген өтініші бар.

«Арыс қаласында теміржолшылар әулетінен құралған сегіз команда бар. Өз арамызда ойын ұйымдастырып тұрамыз. Дегенмен, олар республикалық жарыстарға қатыса алмай отыр, ҚТЖ атынан шығып жүргендіктен қолдау болса дейміз. Біздің отбасыда жиырма теміржолшы бар, бәріміздің еңбек өтілімізді қоссақ 500 жыл. Бәріміз жастайымыздан футбол ойнап, спортпен шұғылданамыз. Жарыстың бәріне өз қаржымызбен барып, қатысып жүрміз», – дейді Панзарбек Жаңабаев.

Спортты серік еткен П. Жаңабаев түрлі спорттық шараларға, марафондарға да қатысып тұрады. Былтыр ҚТЖ ұйымдастырған марафонға қатысып, арадагерлер арасында үшінші орынды жеңіп алған.  

«Үнемі спортпен шұғылданамын. Қыркүйектің 23-де Астанада ҚТЖ-ның марафоны өтеді, қазір соған дайындалып жатырмын. Наурызда Өзбекстанда өткен марафонға қатыстым. Түркістан қаласында да марафон өтіп тұрады. Балам мен немеремді ертіп алып аймақтағы марафоннан қалмаймын», – дейді теміржолшы.  

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты