Теміржолшы атында турнир өтті

Спорт
25.09.2023, 12:10
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі станциясындағы салалық мекемелерде еселі еңбек ете жүріп жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуге сүбелі үлес қосқан Серік Шәймерденовті сыныптастары, шәкірттері мен әріптестері еске алып, баскетбол турнирін өткізді.  

Серік Шәймерденов 1965 жылы Шиелі кентінде дүниеге келген. Мектеп табалдырығында жүріп өзінің спортқа жақын, оның ішінде баскетболға жаны құмар болған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Ленинградта оқып тәлім алған ол, 1982 жылдары теміржолдың күзет қызметінде жұмыс жасап, 1998-2003 жылдары аудандық мектепте дене шынықтыру пәнінен ұстаз болып қызмет атқарған екен. 2004 жылдан бастап Шиелі өрт сөндіру пойызында өрт сөндіруші болып жұмыс жасаған. Ол қай мекемеде жұмыс жасаса да спорттан қол үзбей, шәкірттерінің жанынан табылыпты. Серік аудандық баскетбол құрама командасының құрамында жүріп талай мәрте аудандық, облыстық шеңбердегі біріншіліктердің жүлдегері атанған. 1986 жылғы «Алтын күз» спартакиадасының жеңімпазы, 2008 жылы Байқоңыр қаласында ардагерлер арасында өткізілген жарыстың жеңімпазы болған екен. 2020 жылы дүниеден өткен. Артында ұл мен қызы қалыпты.  

– Серік біздің Шиелі өрт сөндіру пойызында жұмыс жасаған әріптесіміз. Осы турнирді ұйымдастырушылар Серіктің сыныптасы Бақытқа, шәкірттері Самат пен Дулатқа алғыс айтамын. Біздің ұжымның атынан жүлдегерлерге медаль мен кубок, естелік сыйлық берілді. Және де Серіктің сыныптас досы «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы МЕ өртке қарсы қызметі тобының бастығы Бақытжан Ділімбетовтің атынан әзірленген адресатты табыстадым, – деді Шиелі өрт сөндіру пойызының бастығы Арнауыт Садық.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты