Шағын футболдан финалдық ойындар Қызылордада өтті

Спорт
12.10.2023, 11:56
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шағын футболдан «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық Кеңесі төрағасы кубогының финалдық ойыны бұл жолы Қызылордада өтті. Екі күн бойы Қызылорда қаласындағы Локомотив стадионын дүбірге бөлеген дәстүрлі жарыс осыған дейін әр аймақтан жеңімпаз болған бес команда арасында өрбіді.

Кәсіподақтар күні мерекесінде түндігін түрген турнир финалы «Қазкөліккәсіп-2023» теміржол футбол лигасының кубогы» аясында өтті. Финалдың ашылу салтанатына Астанадан арнайы келген «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық Кеңесінің төрағасы Оразғали Ахметбаев, бірлестіктің бас менеджері Амангелді Төреғожин, Астана филиалы төрағасының орынбасары, турнирдің бас төрешісі Әбүйір Жұмаев және Қызылорда облыстық кәсіподақтар кеңесі төрағасы Мақсұт Нәлібаев құттықтау сөз сөйлеп, дүбірлі жарысқа қатысушы командаларға жеңіс тіледі.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев 110 мыңнан астам мүшесі бар теміржолшылар кәсіби одағының жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпірге айналып отырғанын, сала кәсіподағы теміржолшылардың мүддесін қорғауда басшылыққа алатын басты құжат – жұмыс берушімен жасалған Ұжымдық шарт талаптарының орындалуына басымдық беретінін, онда еңбеккерлердің тұрмыстық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуі жан-жақты қарастырылғанын жеткізді. «Бүгінгі өткізіліп отырған кубок турнирінің финалы спорт бәсекесі болумен қатар ұжымдағы ынтымақты нығайтып, теміржолшылардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын алаң, сала еңбеккерлерін салауатты өмір салтын ұстануға насихаттап, бірлікке, татулыққа шақыратын іс-шара», – деді.    

– Құрметті әріптестер, ардагерлер! Бүгін Сыр елінде теміржолшылардың дәстүрлі футбол турнирінің финалы басталғалы тұр. Биылғы кубок турнирінің финалына дейін тораптық, аймақтық додалар ұйымдастырылып, 100 шақты құрама команда жасыл алаңда бақ сынады. Солардың ішінен іріктеліп, төрт аймақтан финалға жолдама алған сіздердің командаларыңыз болды. Сондықтан бүгінгі турнир ойынында әр команданың жеңіске жетуіне тілектеспін, – деген төраға турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған Қызылорда жол бөлімшесінің басшылары мен бірлестіктің Қызылорда филиалына алғыс айтты.    

Алғашқы ойын Қарағанды мен Семей командалары арасында  басталды. Ә дегеннен шебер ұйымдастырылған шабуыл, команда ойыншыларының бір-бірін ыммен түсінісіп, қарсыластар қақпасының осал тұсын таба білуі қарағандылық құраманың үлкен жетістігі екені белгілі болды. Сондықтан айқын басымдылықпен жеңіске жеткен қарағандылықтар ойыны әділ болды. Жалпы финалдағы бес команда айналмалы тәсілмен бір-бірімен ойын өткізіп, ұпай санына басымдық берілді. Келесі кезекте Қызылорда мен Атырау командасы алаңға шығып, бұл жолды атыраулықтар жергілікті ойыншылардан айласын асырды. Арыс пен Қарағанды командаларының алғашқы күнгі ойыны да тартысты өтті. Әр құрама қарсыласын жеңу үшін тың тәсіл, жаңа ойын өрнектерін қолданып, шеберліктерін көрсетіп бақты. Бір команда қарсылас қақпасына гол салумен ерекшеленсе, енді бірі командалық бірліктің мызғымас үлгісін көрсетті, дегенмен командалардың бәрінде жеңіске деген құштарлық басым болды.  

Турнирдің екінші күні жүлде үшін таласқа түскен қомандалар ойыны шегіне жетті.    

Дүбірлі жарыс болғандықтан сары, қызыл карточка алу, айып алаңына шығарылу секілді түрлі жағдайлар да болмай қалмады. Дегенмен ең тартысты да шиеленісті және әдемі ойын қарағандылықтар мен атыраулықтар арасында өткені айқын. Жергілікті команда мен арыстықтардың ойыны да көптің назарын аударды.  

Жарысқа қазылық еткен судьялар шешімімен Атыраудың «ТЧЭ-3» командасы 3-орын, Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының «ШЧ-38» құрамасы 2-орынға ие болды. Ал қарсылас шақ келтірмеген Қарағанды депосының «ТЧЭ-14» командасы 1-орын иеленіп, бесінші рет ауыспалы кубокты еншіледі. Сонымен қатар, Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командасының машинисі Рүстем Есенбеков, Семейдің «ТЧЭ-24» құрамасының машинисі Дәулет Манқұлов, Қарағандылық «ТЧЭ-14» командасынан Бауыржан Ахмедия, Арыстың  «ШЧ-38» командасынан Ернар Нуридинов және  Атыраудың «ТЧЭ-3» командасынан Ернар Ертаев «үздік ойыншы» деп танылды. Кілең локомотившілер арасындағы жалғыз «ШЧ-38» командасының ойыншысы Зангазур Дінислам «үздік сұрмерген» атанды.

Осылайша, екі күнге созылған спорт додасы мәресіне жетіп, жеңімпаз командалар  мен үздік ойыншылар марапатталып, лайықты жүлделерге ие болды. Сонымен қатар кәсіподақ жұмысын жүргізіп отырған үздік қызметкерлер, команда тәлімгерлері, ойын төрешілері де құрметке бөленіп, сый-сияпатқа кенелді.    

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда