Локомотившілер – чемпион!

Спорт
30.11.2023, 11:29
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесінде алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне орай спорттық спартакиада басталды. Салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен сайыстың беташарында жергілікті теміржолшылар шағын футболдан шеберлік сынасты.

Бұл жолғы сайысқа желі бойынан жиналған жалпы саны 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Финалға дейінгі іріктеу кезеңінде барлық командалар топтық сайыс өткізді. Осылайша, ақтық сында өнер көрсететін командалар анықталып, шешуші кезеңге төрт команда жолдама алды. Олар осыған дейін де кезегімен бөлімше чемпионы атанып келген кіл мықтылар болатын.

Ал түс ауа жарыс көрігі тіптен қызып, зал іші қызуқанды жанкүйерлердің қиқуына толы болды. Ақтық бәсекеге, соңғы финалға білек сыбанып шыққан қос команда – ТЧЭ-24 пен ПЧ-39 командаларының ойыны мейлінше тартысты өрбіді. Кілең әуесқой футболшылар жиналғандықтан да мықтыны анықтау оңайға түскен жоқ.

Әйтсе де, ойын қорытындысы 4:2 есебімен жабылып, локомотившілер жеңіске жетті. Жолшылар командасы екінші орын алса, үшінші орынды Жаңа-Семей станциясының футболшылары қанағат тұтты.

Айта кетсек, ТЧЭ-24 командасы – 2010 жылдан бері бөлімшеішілік, қалалық және ұлттық компания бойынша өткізілген көптеген жарыстарда топ жарып, бас бәйгені бермей чемпион атанып жүрген команда. Бұл жолы да асықтары алшысынан түсті.

Барлық жеңімпаз командалар қаржылай сыйлық сертификаттар мен Құрмет грамоталарын иеленді. Ойын соңында естелік фотосуретке түсті.  

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады