Қызылордада Тәуелсіздік күніне орай спорттық сайыстар өтті

Спорт
20.12.2023, 10:47
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» серіктестігінің Қызылорда филиалында Тәуелсіздік күніне орай стол теннисі, қол күресі, кір тасын көтеру секілді спорттық сайыстардан жарыс ұйымдастырды.

«Аманат» партиясы БП ұйымының демеушілігімен ұйымдастырылған жарыста филиал бастығының орынбасары Мейрамбек Шолтабаев құттықтау сөз сөйлеп,   жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорт нұсқаушысы Бақытжан Имбергенов жарыс шарттарын түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын еске салды.  

Стол теннисі – бүгінде қызылордалық теміржолшылар жақсы меңгерген сүйікті ойын түріне айналған. Бұл сайыста экономикалық бөлімнің мамандары Гүлмира Дүйсенова мен Гүлнәр Шайманова ерекше шеберліктерін танытты. Ерлер тобы бойынша ойын Мақсат Әбжаппаров, Талғат Сыздықов, Әмірбек Матжанов, Дархан Биманов, Бейбіт Абдуллаев және Дархан Айқожаев арасында жалғасты. Кір тасын көтерушілер мен қол күресі сайысы білекті де жүректі жігіттерді танытып, сайыс қорытындысында барлық қатысушылар жүлдегер саналып, партия филиалы  тарапынан дайындалған естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда