Семейде «Жаңажылдық жүлде» турнирі өтті

Спорт
26.12.2023, 09:38
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейде «Жаңажылдық жүлде» атты ерекше турнир өтіп, теміржолшылар жылдың спорттық іс-шараларын үстел теннисімен қорытындылады.

Біріншілік барысында алдын ала іріктелген 19 теміржолшы шеберлік сынасты. Сайыс топтық айналым бойынша өткізілді. Сәйкесінше, барлық қатысушылар көсіліп ойнап, өнерлерін көрсете білді. Олардың арасында бөлімшенің, тіпті қала мен облыстың бірнеше мәрте чемпионы атанған жандар да болды. Атап айтсақ, әйелдер арасындағы сайыста ерекше өнер көрсетіп, бірінші орынды «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалының қызметкері Айгерім Тоқпанова жеңіп алды. Екінші орынды Семей станциясынан Салтанат Закарьянова иеленсе, жүлделі үшінші орынды ШЧ-29 мекемесінен Гүлнар Ибраева алды.

Сол тәрізді ардагер-ерлер арасында Жұмағали Жақыпжанов топ жарса, екінші орын ТЧЭ-24 мекемесінен келген Берікжан Қоңқашевке бұйырды. Жалпы, ерлер арасындағы сайыс мейлінше тартысты өтті. Оның нәтижесінде бірінші орынды үстел теннисінен республика чемпионы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрама командасының белді мүшесі ШЧ-29 мекемесінен келген Рустам Мұхаметжанов жеңіп алды. Екінші орынға НЖС-6-дан Асқар Есенаманов лайық деп танылды.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады