Атыраулық теміржолшылар арасында шахматтан жарыс өтті

Спорт
07.03.2024, 13:36
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау аймағында теміржол мекемелерінде еңбек ететін ерлер мен әйелдер арасында шахматтан іріктеу жарысы өтті.  

Іс-шараны Қазақстан темір жолының 120 жылдығы аясында «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық кеңесінің Атырау өңірі бойынша өкілдігі мен Атырау қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымы және спорт нұсқаушылары ұйымдастырды.  

Бөлімше спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиев жеребе үлестіріп болған соң, ойыншылар жұбын анықтап, әркімнің қарсыластарын атады. Шахмат – ақсүйектер ойыны деп бекер айтылмаған. Әр қадамыңды «жеті өлшеп, бір кесіп» дегендей, әбден ойланып жүру керек. Сондықтан уақыттан қысым болған жоқ. Арасында шай ішіп, сергіп алуға да кәсіподақ қыздары мүмкіндік жасады. Дастархан жайылып, ас-су әзір болды. Ойыншылардың қай-қайсысы да намысты қолдан бермеуге тырысты. Мүлт кеткенде әттеген-ай деп те жатты. Бірақ қалай болғанда да жеңіс ұтқандікі. Ақырында әйелдер арасында 1-ші орынды вагоншы Гүлсая Нұрмағамбетова, 2-ші орынды байланысшы Ақтолқын Мухлесова иеленді. Ерлер арасында 1-ші орынды мақаттық машинист Ақтан Қабиев, 2-ші орынды ревизор аппаратынан Ерлан Жүнісов, ал 3-ші орынды машинист Бақтыбек Борамбаев иеленді. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлық табыс етілді. Жарысқа қатысып жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша өтетін шахмат чемпионатында аймақ намысын қорғайтын болады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты