Қызылордада қазақ теміржолының 120 жылдығына арналған спорттық шаралар жалғасуда

Спорт
01.04.2024, 17:25
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордада қазақ темір жолының 120 жылдық мерейтойына орайластырылған мәдени-спорттық шаралары жалғасын табуда. Өткен демалыста өткен шахмат турнирі мен тоғызқұмалақ сайысына станциядағы салалық мекемелердің бәрі қатысты.    

Бөлімшенің спорт нұсқаушылары Бақытжан Имбергенов пен Фатима Медеуова төрағалық еткен спорттық сайыста ерлер мен әйелдер аралас ойын өткізіп, ептілер мен мықтыларды анықтады.

– Шахмат пен тоғызқұмалақтан ұйымдастырған жоспарлы жарысқа «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы демеушілік жасап, филиал төрағасы Бауыржан Ахметовтің дипломы мен кәсіподақ ұйымдары атынан бағалы сыйлықтар берілді. Ендігі кезектегі осындай спорттық тур станцияларда жалғасатын болады. Шахмат турнирі Фиде кодексіне сай швед жүйесі мен тоғызқұмалақ өткізу қағидасының талаптарына сай жүргізілді, – деді спорт секторы Бақытжан Имбергенов.

Екі сайыс та шиеленісті, сонысымен қызықты өтіп жатты. Шахматта «мат» болмау үшін түрлі жүріс тәсілдерін ойластырғандар қарсыластарын қапы қалдырса, тоғызқұмалақтың құмалағын өрге шиіре алмағандар саптан шығып жатты. Осылайша бір-бірінің жүрісін аңдып, айлаларын асырғандар жүлдеге жақындай түсті. Нәтижесінде екі сайыстың қорытындысы бөлек жарияланып шахматтан қарсыластарына түгеліне мат қойған Қызылорла жол дистанциясының өкілі Берік Өмірзақов 1-орынға шықты. Оның соңын ала Қызылорда локомотив пайдалану депосынан Алмат Аманқұлов 2-орын иеленсе, 3-орын Белкөл станциясынан қатысқан Қанжар Ділмағанбетовке бұйырды. Ал тоғызқұмалақ сайысында 3-орын Қызылорда станциясынан Әмірбек Матжановқа, 2-орын Қызылорда қалпына келтіру пойызынан Нұрлан Есеналиевке берілсе, жүлделі 1-орынды Қызылорда вокзалынан Анаргүл Қарымсақова жеңіп алды.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты