Вагон шаруашылығында ұлттық спорттан жарыс өтті

Спорт
16.04.2024, 12:35
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана вагон пайдалану депосының вагон қараушылары ұлттық спорттан жарыс өткізді. Кәсіподақтың ұйымдастыруымен өткен сайыс Қазақ темір жолының 120 жылдығына арналды.

Вагон шаруашылығының 70 жұмысшысы қатысқан жарыста асық ату, арқан тарту, кір тасын көтеру сынды ептілік пен ерік-күш сынға түскен сайыс түрлеріне кезек беріліп, жүлделі орын алған 26 адам арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар осы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан теміржолшыларға да ынталандыру сыйлықтары берілді.  

– Жарысқа біздің депоның жанжақтағы қосындарынан келген вагоншылар қатысып жатыр. Атап айтқанда, Нұрлы жол, Атбасар станцияларынан, бас парктен және басқа станцияларды қоса алғанда барлығы 5 техникалық қызмет көрсету қосынынан вагон қараушылар келді, олардың осындай жарыстарға қатысуда белсенділігі өте жоғары. Балғамен вагон доңғалақтарын күн сайын тексеріп жүрген қара күш иелерін спортпен біте қайнасқан десек болғандай, – дейді депо кәсіподағының төрағасы Ұбай Хафизұлы.  

Осындай жарыстарға белсенді қатысатын вагон қараушы Нұрмұхаммед Ниязбаев талай рет депоның намысын қорғап, спорттық жарыстардан жүлде алып жүр. Вагон шаруашылығы саласына келгеніне 2 жылдай болған ол жақында кір тасын көтеруден өткен жарыста үшінші орын алды. Бұл жолы да белсенді жігіт спорттық шараның бел ортасынан табылуда. Ал депоішілік жарыста кір тасын көтеруден бірінші орын алған вагон жөндеуші Таңат Ақылжанұлы теміржолда 18 жылдан бері еңбек етеді. Ол 24 және 16 келілік кір тасын көтеруден де, командамен арқан тартудан да жүлделі орыннан көрінді.  

– Кір тасын көтеруден бәрімізге 1 минут уақыт берілді. Соның ішінде кім көп көтерді, сол жеңімпаз болды. Мен 60 реттен аса көтердім. Бала кезден волейбол, ауыр атлетика жағына бейім болдым. Шаңғы тебуге де әуестігім бар. Жалпы, спорттың қай түрі болса да айналысқанға не жетсін, – дейді жеңімпаз Таңат.  

Асық атудан да кіл шеберлер жиналған екен, арқан тартудан білекті жігіттер қатарында жоғарыда аты аталған жеңімпаздар мұнда да көзге түсті. Жарыс соңы концерттік бағдарламаға ұласып, баршаға мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті