Семейлік теміржолшылар арасында ұлттық ойындар апталығы өтті

Спорт
30.04.2024, 10:00
Суретті тсүірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда семейлік теміржолшылар ұлттық ойын түрлерінен арнайы апталық өткізді. Спорттық шараға қатысушылар саны көп болды және асық ойынынан бастап тоғызқұмалаққа дейін ерлер мен әйелдер арасында тартысты да қызықты сайыс өрбіді.        

Әуелгі кезекте бөлімше ауласына жиналған теміржолшылар қазақтың ұлттық ойыны асық атудан шеберлік сынасты. Оған ерекше даярлықпен сайланып келген 17 адам қатысты. Өзара төрт топқа бөлінген жігіттер біршама уақыт жүлдегерлерді анықтауға күш салды. Мергендік пен төзім қатар сынға түсетін бұл ұлттық ойында ең соңғы финалға төрт теміржолшы шығып, олимпиада жүйесі бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде ВЧД-23 мекемесінен келген Жомарт Болатовтың асығы алшысынан түсіп, чемпион атанды. Ал НЖС-6 ойыншысы Мәди Нұртаев екінші орын алса, вагон қараушы Мұрагер Қасымханов үшінші орынды қанағат тұтты.  

Қыз-келіншектер қауымы «бес асық» ойынынан сынға түсті. Онда осыған дейін үстел теннисі мен жеңіл атлетикадан сынға түсіп жүрген спортшы қыздар көш басынан көрінді. Атап айтсақ, ең көп ұпай жинаған Айгерім Тоқпанова чемпион атанса, екінші орынды Семей станциясы атынан қатысқан Салтанат Қайрамбаева иеленді. Үшінші орынды НЖС-6 ойыншысы Мәдина Садықова місе тұтты.  

Ертеңгісін Семей жол дистанциясының техникалық кабинетінде тоғызқұмалақ ойынынан кең көлемдегі жарыс өтті. Айналым бойынша өткен бәсекеде ерлер арасында ШЧ-29 мекемесінен Әділет Жақсылықов топ жарып, жеңімпаз атанды. Екінші орын ПЧ-39 өкілі Аслан Толымбекке бұйырса, жүлделі үшінші орынды да осы жол дистанциясының теміржолшысы Әділет Ахметжанов айқын басымдықпен жеңіп алды.  

Қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылған ұлттық ойынның бұл түрінен тағы да Айгерім Тоқпановаға ешкім жете алған жоқ. Ал екінші орынды Семей жол дистанциясының спортшысы Айгерім Бұланбаева иеленсе, үшінші орынға оның әріптесі Толқын Әшенова лайық деп танылды.  

Сайыстың қорытындысында барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда