Үш бірдей жүлдеге ие болды

Спорт
15.05.2024, 15:16
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Мамыр айындағы күнтізбелік жоспарға сәйкес теміржолшылар кәсіподағының Жамбыл филиалы спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен армрестлинг, дойбы және үстел теннисінен спорттық жарыстар өтті.

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналып өткізілген спорттық бәсеке қызықты өтті және тосын сыйларға толы болды.  Ерлер арасында армрестлингтен жүлделі орындарды «ЖРС» ЖШС слесарі Пірімбек Ғалым, ВП-35 тракторшысы Сәрсембай Асылбек және ПЧ-51 жол дистанциясының жол монтері Әнуар Бейсенбаев иеленді. Ал әйелдер арасында өткен сайыста үш жүлделі орынды да ШЧ-36 белгі беру және байланыс дистанциясының нәзікжандылары жеңіп алып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Жүлделерді өзара бөліскен Сағат Жүнісбекова, Мадина Шарипова және Ақбота Ембергенова білекті де жүректі арулар деп дәріптелді. Сондай-ақ дойбыдан өткен жарыста да үш бірдей жүлделі орын ВП-35 қалпына келтіру пойызының қызметкерлері Махат Байдалиев, Мейіржан Аярбеков және Нұрлан Сахановқа бұйырды.  

Үстел теннисінен өткен турнирде ПЧ-52 жол дистанциясының кезекшісі Сәрсебек Қуаныш, Талас станциясының пойыз құрастырушысы Алмаз Бопбеков және Тараз көліктік оқу орталығы филиалы – Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының оқытушысы Талғат Төлебековтің жолы болып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды