Жүзден жүйрік шыққан теміржолшы

Спорт
06.06.2024, 12:42
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өз ісін шебер меңгерумен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен теміржолшылар көп. Соның бірі Расұлан Қуанышқан жақында Самұрық-Қазына ұйымдастырған жарыста жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанды.    

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының  «Charity Samruk Marathon-2024» қайырымдылық марафонына 1200 желаяқ қатысты. Балаларды, соның ішінде ерекше балаларды қолдауға арналған бұл әлеуметтік жоба аясында өткен шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қызметкері қатарында Жолды диагностикалау орталығының инфрақұрылым нысандарын мониторингтеу және кешенді талдау бөлімінің менеджері Расұлан Қуанышқан да қатысқан болатын. Спортшылар екі қашықтыққа жүгірді: 5 шақырымға (әуесқойлар) және 10 шақырымға (кәсібилер). Міне, біздің кейіпкеріміз осы жарыста әуесқойлар қатарынан табылып, 5 шақырым қашықтықты 17 минутта жүгіріп өтіп, бәсекелестерінен басым түсті. 1-орынды иемденген теміржолшы жігіттің мерейі үстем болды.  

– Жеңіл атлетикамен айналысқаныма екі жылдай болды. Алғашқыда денсаулығымды нығайту, өзімді тонуста ұстау үшін жүгіре бастадым. 2023 жылы Самұрық-Қазына ұйымдастырған марафонда 10 км қашықтығына қатысып, 2-орын алдым. Спорт адамға стимул береді. Жеңістің аздап дәмін татсаң, ол сені әрі қарай жетелей түседі. Сол екінші орын менің ынта-ықыласымды арттырды. Келесі жылы міндетті түрде 1-орын аламын деп өзіммен өзім бәстестім. Сосын қаңтар айынан бастап қарқынды түрде дайындалуға кірістім. Биыл сол кішкентай жетістігіме жеттім. 5 км қашықтықты 17 минутта жүгіріп өтіп, өз жас санатымда бірінші орын иелендім. Болашақта бұдан да жоғары жетістіктікке жетсем деген арманым бар, осы бағытта жұмыс істейтін боламын, – деді ордабұзар отыздағы  Расұлан.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты