Тараз станциясында футболдан іріктеу турнирі өтті

Спорт
13.06.2024, 15:17
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Тараз станциясында теміржолшылар арасында ІІ спартакиадаға шағын футболдан іріктеу турнирі өтті.

Аралас жүйе бойынша ұйымдастырылған Жамбыл жол бөлімшесі футзалдағы іріктеу матчтарында спартакиадаға жолдама сарапқа салынды. Жоғары дайындықпен келген командалар алдымен топта ұпай саны бойынша алға шыққандарды анықтады. Топтағы үздіктер айналмалы жүйенің талабына сай өзара кездесіп, финалистер іріктелді.

Шағын футбол – нағыз бұқаралық сипат алған спорт түрі. Жамбыл жол бөлімшесі кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Серік Наурызбаевтың айтуынша, теміржолшылар өзара жолдастық кездесу өткізіп, футзалға жиі бас сұғып тұрады екен. Сондықтан командалар бір-бірінің ойын өрнегімен жақсы таныс.

Кездесулерде карсылас командадағы шабуылшылардың тактикасын жақсы білетін қорғаушылар барын салды. Қорғаныс шебін жақсы ұстағандықтан, қарсыластар бір-бірінің қақпасына саңылау таба алмады.  

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша екі команда ІІ спартакиадаға жолдама ұтып алды. Олар – «ТЧЭ-31» Сарышаған локомотив пайдалану депосының және «ВЧД-27» Жамбыл вагон пайдалану депосының футболшылары.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес