Шетпе станциясында теміржол мекемелері арасында шағын футболдан турнир өтті

Спорт
14.06.2024, 12:32
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолының 120 жылдығы мен Маңғыстау темір жолының 50 жылдығын атап өтуге арналған жоспар аясында Шетпе станциясында теміржол мекемелері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Шоқыр Бөлтекұлы атындағы спорт кешенінде өткен дүбірлі додада жеті команда бас сынасты. Түбек теміржолының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырованың айтуынша шалғайдағы бекет, станцияларда спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылуда. Бұған дейін Маңғыстау,  Болашақ, Өзен  станцияларында өткізілсе, бүгін Шетпеде, сосын Бейнеуде жалғасады.  Айтуынша, бұл сайыстарда сондай-ақ шалғай станциялардағы жақсы ойыншылар Маңғыстау құрамасының сапына іріктеледі. Үлкен жарыстарға команда жасақталады. Алдағы басты бәсеке қазан айында Шымкент қаласында өтетін чемпионат. Маңғыстаулықтар қазірден соған дайындықты бастап, екі жыл бұрын қарағандылықтарға жіберіп алған есесін қайтаруды көздеп отыр.  

Жасыл алаңда жеті команда да осал ойнамады, дегенмен бас жүлде бір командаға бұйырып, станциялықтар бірінші орынды иеленді. Екінші орынды жол дистанциясының жігіттері еншіледі. Ал үшінші орын станция ұжымының еншісіне тиді. «ПЧ» командасынан жол монтері Бағлан Мырзабаев «Сұрмерген» атанса,  станция кезекшілері Нұрбек Базарджанов «Үздік футболшы 2024»,  Достанбек Аманқосұлы «Үздік қақпашы» номинацияларына ие болды. ТЖС бөлім бастығы Бауыржан Батабаев  «Үздік қорғаушысы», ал станцияда операторы Береке Бекмұрзаев «Үздік шабуылшы» марапатын алды.

– Қазір естуімізше, жігіттеріміз қолы босаған сәтте осы сайыстарға дайындық мақсатында көп уақытын спорт залда өткізетін болған. Бұл үшін кәсіподақтың қолдауымен мүмкіндіктер қарастырылған. Жерілікті спорт залдарды жалдап, тренажерлік құрылғыларды алып бергенбіз. Қазір Маңғыстау, Өзен, Болашақ, Шетпедегі теміржолшылар осы мүмкіндіктерді пайдалануда, – деді спорт нұсқаушысы.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл