Семейлік теміржолшылар халықаралық додаға қатысты

Спорт
03.08.2024, 11:47
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде семейлік теміржолшылар арасында кеңінен тарап келе жатқан бірегей спорт түрі – экстремалды атлетика. Кәсіби тұрғыда жаттыққан спортшылардың жүрегі дауалай бермейтін осынау ерекше спорттан өткен халықаралық сайыста теміржолшылар жүлделі орыннан көрінді.

Бұл жолғы сайыс түркі жұртының атамекені Өр Алтайдың төрінде, Қатон-Қарағай жерінде өтті. Әйгілі Берел ауылының маңындағы соқпақты шатқалда өткен сайысқа қатысқан әуесқой спортшылар әртүрлі қашықтықта, атап айтсақ 3, 5 және 26 шақырымды жүгіріп өтулері тиіс болатын. Жарыс жолы оңай емес, тау-тасты кезіп, борпылдақ топырақ пен бұталы жерді кесіп өтеді. Ғажайып табиғаты тамсандыратыны болмаса, қауіп пен қатер де аяқ астында. Оның үстіне жарыста жүгірушілер 500 метрден асатын тау қиясын өрлей жүгіруі тиіс.  

Ал Алтайдың ұшар басынан құлаған жақпар тастардан секіріп өтуге тура келеді екен. Осылайша асқар таулар аясындағы әсем сарқырамалардың жанынан өтіп, қалың қарағайдың арасымен мәреге жетулері тиіс. Десек те, «QATON-QARAGAI TRAIL RUNNING RACES 2024» байқауына білек сайланып келген теміржолшы қыздар мен жігіттер аянып қалған жоқ. Мәселен, Семей станциясында еңбек еткен сала зейнеткері Дәмегүл Бөлекпаева 5 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден жүлделі екінші орынды жеңіп алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал сан түрлі сайыстарда топ жарып жүрген НЖС6 техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділов 26 шақырым қашықтыққа жүгіріп, өз салмағы бойынша жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады. Еліміз бен алыс-жақын шет елдерден жиналған 60-тан аса тәжірибелі спортшылар қатысқан жарыста мұндай нәтиже көрсету оңайға соқпағаны анық.

– Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеге қатысудағы басты мақсатымыз – теміржолшылар қауымының да тұмса табиғатпен етене өмір сүріп, аймақтың географиялық ерекшеліктерін, флорасы мен фаунасын танып-білуге құмар екендіктерін паш ету. Ал осынау жеңісімізді Қазақстан теміржолының 120 жылдық торқалы тойына арнадық, – дейді жеңімпаздар мақтаныш сезіммен.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда