Күзет қырандары чемпион атанды

Спорт
09.08.2024, 09:53
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар үшін биылғы кәсіби мереке спорттық шаралардың көптігімен, қызу бәсекемен есте қалатын болды. Жуырда желі бойынан жиналған, кіл әуесқой футболшылар бас қосқан аяқдоп сайысы өз мәресіне жетіп, биылғы жылдың чемпионы анықталды.

Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған бөлімше біріншілігі алдын ала ескертілгендіктен даярлық та ерте басталған еді. Сондықтан да болар, желі бойындағы барлық мекемелерден алдын ала іріктелген шағын футболдың шеберлері жиналды.  

Сайыстың салтанатты түрдегі ашылу рәсімінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов көпшілікті кәсіби мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Жасыл алаң үстіндегі кездесулер тартысқа толы болды. Осыған дейін алма кезек бөлімше чемпиондары болған семейлік локомотившілер мен байланыс және белгі беру шаруашылығының командасы намысты қолдан бермеуге тырысты. Десекте, өрнекті ойын көрсеткен қозғалысшылар да жоғары деңгейдегі даярлықпен келгендіктерін көрсете білді. Қызуқанды жанкүйерлердің қиқуымен сайыс тіптен қыза түсті.  

Барлық командалар бірнеше жыл қатарынан бөлімше чемпионатына үзбей қатысып келе жатқандықтан болар, өте шебер ойын көрсетті. Әдемі пас, командалық рухқа толы шабуыл, үйлесімді футбол комбинациясын көрсете білгендер қатарында әскериленділген теміржол күзетінің жігіттері де болды. Осыған дейін тек арқан тартыс, гір көтеру сынды спорттың ауыр атлетикаға жататын түрлерінен ғана топ жарып жүрген ӘТЖК командасы осылайша күтпеген жерден көпшілікті таң қалдырып бірінші орынды жеңіп алды. Ал, ВЧД-23 командасы екінші орыннан көрінді. Жүлделі үшінші орынды сәл ғана ұпай жетпей қалған ТЧЭ-24 машинистері иеленді.  

Кездесу соңында барлық қатысушы командаларға құрмет грамоталары мен медальдар, арнайы кубок салтанатты түрде табыс етілді.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда