Аягөзде дүбірлі жарыс өтті

Спорт
19.08.2024, 13:21
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы Семей мен Өскеменнен кейінгі ең үлкен теміржол торабы саналатын Аягөз станциясының теміржолшылары да бос уақыттарын тиімді өткізуді жақсы біледі. Мұндағы сала қызметкерлері арасында кейінгі уақытта футбол, баскетболмен қатар, ұлттық ойын түрлері де жақсы дамып келеді.  

Қазақстан теміржолының 120 жылдық мерейтойына орай барлық тораптық станцияларда өткізіліп жатқан спорттық сайыстар жуырда Аягөзде де ұйымдастырылды. Бұл жолы теміржолшылар өз араларында кіші футболдан және арқан тарту бойынша спорттық іс - шаралар өткізіп, жеңімпаздарды анықтады.  

Жарысқа қатысқан ТЧЭ-25, ПЧ-42, ШЧ-30, ВРД, ВЖДО, ДС командаларының бәрі де осал емес, Семейде өткізілетін бөлімше біріншілігіне қатысып тәжірибе жинап жүрген әуесқой спортшылар. Сондықтан ойын мейлінше тартысты өрбіді. Бұрындары бір командада ойнағандар ендігі аралықта бір-біріне қарсылас еді.  

Кездесулер барысында шиеленісті сәттер көп болды. Алғашқы кездесулерде жолшылар командасы қарқынды ойын көрсеткенімен соңғы мезетте жеңісті уыстан шығарып алды. Әйтсе де, барын салған жолшы жігіттер «үздік қақпашы» мен «үздік қорғаушы» атағын иеленді.      

Ал жүлделі 1-орынды вагон жөндеу депосының командасы иеленді. Екінші орынға Аягөз локомотив пайдалану депосының машинистері лайық болып шықты. Үшінші орынға ШЧ-30 мекемесінің жігіттері жайғасты.

Сонымен қатар шағын фуболмен қатарлас өткізілген арқан тартыс сайысында да жұрт күткен нәтиже орын алған жоқ. Бұл жолы да жолшылар қауымы есе жіберіп алды. Нәтижесінде бірінші орынды ТЧЭ-25, екінші орынды ШЧ-30, ал жүлделі үшінші орынды әскерилендірілген күзет қызметі иеленді.

Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, арнайы кубоктармен марапатталды.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда