Күзет қырандары жеңіске жетті

Спорт
16.09.2024, 14:27
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей қаласында теміржол мекемелері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін «КАЗПРОФТРАНС-2024» теміржол футбол лигасының Кубогы» атты аймақаралық біріншілігі болып өтті.  

Бұл жолғы турнирде қалыптасқан үрдіске сай көршілес бөлімшелер Алматы, Павлодар, Өскемен қаласынан арнайы келген футбол командаларының қатысуымен өтті. Жеңімпаз команда республикалық сайысқа баратындықтан бұл жарысқа жоғары даярлықтан өткен, іріктелген ойыншылар ғана жиналады.

Турнир беташарында сөз алған «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ Семей аймағы бойынша өкілі Есен Қажығұлов бұқаралық спорттың маңыздылығын атап өтіп, барша қатысушыларға жеңіс тіледі. Айта кетер жайт, жыл сайын күзгі мезгілде ұйымдастырылатын осынау байрақты бәсеке салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен өткізіліп келеді.  

Төрт команда бақ сынасқан ойын барысы мейлінше тартысты өрбіді. Әсіресе, павлодарлық команданың қарымы мықты екен. Жасыл алаң төрінде барын салды. Бұл жолғы аймақаралық турнирге Семей жерінен бөлімше бойынша чемпион атанған ӘТЖК Семей филиалы қатысқан болатын. Осыған дейін негізінен ауыр атлетика түрлерінен топ жарып жүрген жігіттердің жеңісі көпшілікті таңырқатқан еді. Десекте, бәсеке барысында күзет қырандарының жолы болып бірінші орынды жеңіп алып айды аспанға шығарды.  Ал, екінші орынды Павлодар қаласынан келген Қазақстан вагон шығару компаниясының командасы иеленді. Жүлделі үшінші орынды Өскемен-1 станциясының футболшылары иеленді.

Сайысқа қатысқан барлық ойыншылар арнайы диплом және сыйылықтармен марапатталды. Айта кетер жайт, аймақаралық турнир жеңімпазы атанған ӘТЖК Семей филиалының командасы енді Орал қаласында өтетін сайыста өнер көрсететін болады.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда