Қурорттық аймақта қысқы спорттық ойындар өтті

Спорт
24.12.2024, 09:47
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 20-22 желтоқсан күндері Бурабай курорты баурайында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қысқы спорт ойындары өтті. Қар үстіндегі шағын футбол, шаңғы эстафетасы және шаңғы жарысынан республикалық сайыс барлық өңірден 140 теміржолшы-спортшының басын қосты.

Курортты аймақты дүбірге бөлеген жарысқа Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Илецк, Орал және Астана қалаларынан кіл мықтылар жиналды. Үш күн бойы қар жамылған таза ауа аясында қызықты да тартысты сайыстар өтіп, жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Шаңғы жарысында 3-ші және 2-ші орындарды Семей және Ақмола өңірінің шаңғышылары өзара бөліссе, 1-ші орын мінберінен Қарағанды командасы табылды. Әйел-ардагерлер арасында шаңғы жарысы бойынша павлодарлық Лариса Басова жеңімпаз атанды, қарағандылық Арайлым Шакенова 2-ші, Илецктен келген Нүрия Матаева 3-ші орынды еншіледі. Ерлер арасында ақмолалық ардагер Талғат Рахымбаев жеңімпаз деп танылса, семейлік Нұрлан Бегәділов пен қарағандылық Николай Куяниченко өзара соңғы екі орынды бөлісіп, жүлдегерлер сапынан табылды. Ал теміржолшы-әйелдер арасында қарағандылық Галина Золотухина шаңғы жарысынан әріптестерін шаң қаптырып, мәреге бірінші болып жетіп, чемпион атанса, астаналық Лилия Бадрдинова мен павлодарлық Томирис Атымжанова 2-ші, 3-ші орындарды иеленді.  

Теміржолшы ерлер арасында шаңғы жарысынан ақмолалық Алексей Янковскийдің бағы жанып, бірінші орынды қанжығасына байласа, қарағандылық Мадет Абикен мәрені екінші болып қиып өтті, ал тағы бір ақмолалық шаңғышы Сергей Щербаков 3-ші орынды місе тұтты.  

Қар үстінде теңбіл допты шыр айналдырып, талас-тартысқа түскен жарыста Қарағанды командасы жеңімпаз болды. Ақтөбелік команда мен Илецк қаласының футболшылары жүлдегерлер атанды. Шаңғы эстафетасында қарағандылық команда бірінші орын иегері болса, 2-ші орын ақмолалық, ал 3-ші орын семейлік командаға бұйырды. Осылайша, жалпы командалық есепте Қарағанды өңірінің спортшы теміржолшылары топ жарып, жеңімпаз атанды. Ал екінші және үшінші орын Семей және Ақмола спортшыларына бұйырды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты