Машинистер сайысы

Спорт
06.05.2025, 09:20
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының ұжымы мен кәсіподақ комитеті бірлесіп Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай қызметттік міндетін атқару барысында қаза болған теміржолшыны еске алуға арналған турнир ұйымдастырды.

Тепловоз машинисінің көмекшісі Нұрболат Жасанов небәрі 24 жаста еді. Еске түсіре кетсек, 2013 жылы түбек теміржолында жүк пойызы мен жанармай құйған бензовоз соқтығысып, алапат өрт апаты орын алғаны белгілі. Сол оқиға кезінде машинистің денесін қатты күйік шалып, ал машинист көмекшісі Нұрболат Жасанов қаза тапқан.  

Шағын футболдан өткен турнирдің ашылу рәсімінде депо басшылығы мен кәсіподақ төрағасы сөз сөйлеп, еңбек қорғау күнінің маңыздылығына тоқталып, еңбек жолы енді басталған Нұрболат есімді жас машинист көмекшісінің қайғылы өлімін еске түсірді, оның есімі әріптестерінің, деполықтардың жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді. Сол оқиғаны көзбен көргендер өткен жылдардан естеліктер айтты.  

Спорттық іс-шара одан әрі өз мақсатына сай жалғасып, тартысқа толы сайыс өтті. Жеңімпаздар анықталып, дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.  

Жарысқа қатысқан командалар ішінен 1-орынды тепловоз машинистері, 2-орынды көмекші машинистер, 3-орынды ТҚК-2 тепловоз жөндеушілері алды.  

 

Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды