Теміржолшылар әлемдік сайыста жүлделі болды

Спорт
02.06.2025, 11:51
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жаз маусымы – түрлі спорттық сайыстар кезеңі. Бұл ретте семейлік бірқатар әуесқой теміржолшы спортшылар республика көлемінде өткізіліп жатқан байқауларға қатысып, ұлттық компанияның мерейін үстем етуде.    

Мәселен, жуырда Қапшағай іргесіндегі Тамғалы тас жайлауында Tengri Ultra көпсайысы болып өтті. Оған әлемнің 20 мемлекетінен келген жалпы саны 2000 мыңға жуық спортшы қатысып, бақ сынасты.  

Бұл байқаудың басты ерекшелігі сол, қатысушы спортшылар соқтықпалы, соқпақсыз, сан түрлі кедергілері бар аса күрделі жарыс жолына шығады. Атап айтсақ, шөлейтті құмдауыт дала, жарқабақты тау жоталары мен тастақты өзен аңғарларын санаулы уақыт ішінде жүгіріп өту керек.  

Осы орайда семейлік желаяқ теміржолшы, НЖС-6 бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділов 36 шақырым жолды санаулы уақыт ішінде еңсеріп, өз салмақ дәрежесінде жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Бір бұл емес, дәл осы байқауда 7 шақырымдық жолсыз далада өткен сайыста тағы да топ жарып, екінші орын иегері атанды. Республиканың кіл мықты жеңіл атлеттері жиналған байқауда қоржынға екі мәрте жүлде салу оңайға түспепті.

Осылайша бағалы сыйлық пен сайыс марапатын алып қайтқан теміржолшы елге оралысымен жаттығуды қайтадан бастап кетті. Түрлі қашықтыққа жүгіру бойынша жарыстар, марафон, суға жүзуден жарыстар енді басталып жатыр.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты