Маңғыстауда теміржол барысы анықталды

Спорт
21.07.2025, 13:30
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолшылары жүлде үшін үш түрлі салмақ бойынша белдесті. Сайыс «Қазкөліккәсіп» ҚБ-нің 120 жылдығына және  Теміржолшылар күніне орай ұйымдастырылды.  Қазақ күресінен маңғыстаулық теміржолшылардың ішіндегі білекті балуандарды іріктеген бұл жарыс Шетпе станциясында спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен, кәсіподақ ұйымының қолдауымен өтті.  

Темір жолдың темір қазанында қайнап жүрген жігіттер 66, 80 және 80 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасып, нағыз қара күштің иесі екендерін танытып, бірінен бірі асырып өнер көрсетті.  Дегенмен сайыстың аты сайыс, 16 балуанның ішінен жауырыны жерге тимей, күрес қимылдарын жақсы меңгерген үш жігіт өз дәрежесінде іріктеліп шықты. 80+ салмақта 1-орынды Маңғыстау локомотив депосынының тепловоз машинисінің көмекшісі Жандос Қуандықов иемденді. Екінші орынның жүлдесі де локомотив депосы жігіттерінің еншісіне тиіп, тепловоз машинисі Бауыржан Нұрбаев алды. 3-орынға бейнеулік жолшы Нұр Жасаров жайғасты.  

80 келі салмақ бойынша бірінші және екінші орындар «Теміржолсу» мекемесінің білекті балуандарына бұйырды. 1-орынды Бауыржан Ботабаев, 2-орынды Досат Зауытбаев алса, 3-орынды Маңғыстау вагон депосынан Жәнібек Сүйінқараев еншіледі.  

Маңғыстау вагон депосының Сайөтес станциясындағы вагон қараушысы Досан Жұбандық 66 кг салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атанды. Ал 2-орын «Теміржолсудан» Жұмабай Сапаевқа, 3-орын вагон депосының балуаны Тұрар Ниязовқа бұйырды. Жеңімпаздар диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.  

– Қазақ күресінен жарысты өткен жылдан бері ұйымдастырып келеміз.  Бүгін Шетпеде өтсе, алдағы уақытта Бейнеуде де өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жарысқа келе алмағандар соған келіп қатысуға болады. Осы жолғы «Теміржол барысына» түбектегі барлық мекемелерден 16 жігіт қатысып бақ сынады. Бізде білекті де жүректі жігіттер өте көп, бойымызда қазақ қаны ағып жатқан жоқ па?! Сондықтан осы спорт түрін насихаттап, теміржолшыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, – дейді Бейнеу теміржолшыларының спорт нұсқаушысы Бекзат Нұралиев.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды