ЦЖС командасы шағын футбол турнирінің жеңімпазы атанды

Спорт
25.07.2025, 08:50
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында Магистральдық желі дирекциясының ауыспалы Кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа ЦЖС, ЦШ, ЭЧ-8, ПЧ-17, ЛЖС және РЦУП-3 мекеме- лерінің мықты жігіттерінен құралған алты команда қатысты.

Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған турнирде әр команда намысты қолдан бермеуге тырысып, көрермендерге тартысты да қызықты ойын сыйлады. Алаң нағыз эмоциялық көңіл-күйге толы болды. Азулы алты командадан іріктелген финалдық ойын тіптен тартысты өтті. Ала допты үйіріп, әрқайсысы қарсыластар қақпасын нысанаға алды. Десе де, желмен жарысатын жылдамдық пен ептілік, шеберлік шешуші рөл атқаратын жарыста Магистральдық желі дирекциясы қызметкерлерінен құралған ЦЖС құрама командасы қарсыластарын шаң қаптырып, оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінді.  

Жолдың бабын жасауда ғана емес, теңбіл доп тебуде де шеберліктерімен танылған ПЧ-17 командасы екінші орынды еншілесе, үшінші орынды РЦУП-3 командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, үздік ойын иелері ретінде лайықты бағасын алды.  

Ал Астана жол дистанциясы командасының ойыншысы Төлен Нұрбек турнирдің ең үздік ойыншысы атанып, Alem Fest-ке екі билет иеленді.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды