ҚТЖ – спартакиада чемпионы!

Спорт
11.08.2025, 16:34
Суреттерді түсірген Олжас Ахметов
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында әртүрлі спорт түрлерінен Х спартакиада өтті. Тамыздың 8-10 аралығында жалауын көтерген мерейтойлық спартакиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен өндірістік мамандық өкілдерінен құралған 14 командаға біріккен 1000 астам адам қатысты.    

Жыл сайын өтетін дәстүрлі спартакиадаға қатысушылардың саны ғана емес, сонымен қатар жарыстағы спорт түрлері де артуда. Мәселен, биыл бағдарламаға 14 спорт түрі кіріп, соның ішінде инклюзивті тәртіппен – дартс және үстел теннисі өтті және оған ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлер де қатысты. Үш күн бойы жарыс алаңында корпоративтік рух, жеңіске деген ұмтылыс, ерекше көңіл-күйдегі аура сезіліп тұрды. ҚТЖ командасы жарысқа жоғары дайындықпен келгенін жарыстың алғашқы күні-ақ  көрсетті. Сұр мерген Самал Зұлпыхаров бәсекелестерінен жеңісті жұлып алып, ҚТЖ қоржынына алғашқы алтынды байлады. Алғашқы  жеңіс командалық рухты асқақтатып, басқа спортшылардың жеңіске деген құлшынысын күшейте түсті. Темір жолда тер төгіп жүрген нәзік жандар да осал емес. 

Садақ ату сайысында Махаббат Назарова күміс жүлдеге ие болып, ҚТЖ қоржынына тағы бір медаль сыйлады. Қажымұқан, Балуан шолақ, Иманжүсіп ұрпақтарының бір легі ҚТЖ-да жұмыс істейтінін теміржолшылар қол күресі жарысында дәлелдеп берді. Қара күш, табанды мінез, рухты ерік-жігерді талап ететін мықтылардың мықтысы қатысқан армрестлинг жарысында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұржан Сағидоллинов пен 80 келіден жоғары санатта Жәнібек Кенжебаев үшінші орын мінберінен табылып, қола медальдар алса, екі қолда да мықтылығымен қарсыластарына дес бермеген Сымбат  Нәсіп 65 келі дәрежесінде, ал Алла Штрошерер 65 келіден жоғары санатта алтын медаль алды.  

Ұлттық ойын санатындағы асық ату – ептілік пен дәлдікті, тіпті сезу түйсігін талап етеді. Бұл ойында да компанияның асықшылар командасы сапындағы Қайраш Аханов, Мырзамұрат Қайыпбеков және Құндыз Есіркеп шебер ойын көрсетіп, үштіктің қатарынан табылып, екінші орынды иеленді. Салқынқандылық, стратегиялық ойлау және дәл есептеу. Теміржолшының күнделікті жұмысы барысында талап етілетін бұл қасиеттер Андрей Степанцов пен Жанар Қалдыбаеваға зияткерлік сайыс – шахмат ойынында көп көмегін тиігізіп, қола медальға қол жеткізуге  септігін тигізді. Семей қаласынан келген теміржолшы Рүстем Әлмұхаметов ерлер арасында дартстың дарабозы қатарынан табылып, күміс жүлде алды. Осылайша, бірінші күннің өзінде ҚТЖ қоржынында  3 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль тулап жатты...

Ал спартакиаданың  екінші күні  де ҚТЖ командасы үшін алтыннан алқа тағумен  басталды. Суға жүзу жарысынан Лимаренко, Гордиенко, Алимина, Жеңісқызы сияқты шебер жүзушілері бар ҚТЖ құрамасы эстафетада жеңіс тұғырынан табылып, чемпион атанды.  Ал жеке дара жүзу жарысында жас ерекшеліктеріне сәйкес ерлер арасында  Константин Лимаренко алтыннан алқа тақса, Еркін Тұрысмағанбетов қола медаль иегері болды. Ал  Сағат Қабиев 40-44 жас аралығындағы ерлер арасында алтын алса, 50 жастан асқан ерлер арасында Геннадий Гордиенко  күміс медальға ие болды. Әнел Жеңісқызы 25-29 жастағы әйелдер арасында алтын алып, Х спартакиада чемпионы атанды. Жүзу жолағының толқыны алтынға айналған тағы бір жеңіс Татьяна Алиминаға бұйырды. Ол 50 жастан асқан әйелдер арасында чемпион болды.  

Шапшаңдық, ептілік, қырағылық үстел теннисінің «көзірі» болса керек. Міне, осы қасиеттерді тал бойына сіңіре білген Әлия Жанпейісова  әйелдер арасындағы үстел теннисі жарысында, ал Роман Халилов ерлер арасындағы сайыста алтыннан алқа тақса, екінші орынды да теміржолшы Ленара Смайылова жеңіп алды. Тоғызқұмалақтан ҚТЖ-ның алтынын қарағандылық теміржолшы Әли Исабеков алып берсе, қостанайлық Еркебұлан Тағыбергенов пен тағы бір теміржолшы қызымыз Айжан Серікова қола медальдар сыйлады. Қысқасы, теміржолшы қыз-жігіттер шеберлік, логика, дәл есептеуде де алдарына жан салмайтынын көрсетті. Екі күнде қоржынын 11 алтын, 5 күміс, 7 қола – барлығы 23 медальмен қоржынын толықтырған ҚТЖ командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында сенімді түрде көш бастады.  

Үшінші күн жарысқа қатысушылар үшін шешуші күн болды. Темірдей ерік-күш пен командалық рухты ҚТЖ құрамасы футзалдағы шағын футболда көрсете біліп, қола жүлдені жеңіп алды. Бұл шынында жай қола емес, бұл командалық бірліктің, табандылықтың және жеңіске деген ұмтылыстың символы еді. Ерлер волейболында жеңіске  ұмтылған теміржолшылар темірдей мінез бен жігердің қандай болатынын көрсетті. Тарс-тұрс соғылған доптың дауысының өзі қарапайым адамға үрей үйірер еді. Бұл жарыста теміржолшы волейболшылар қола жүлдеге ие болса, қыздарымыз күмістен алқа тақты. Баскетболда бақ сынаған жас теміржолшылар  шапшаң шабуыл, берік бекініс, қуатты қорғаныспен үздік командалар қатарынан табылып, күміс медаль иегері атанды. ҚТЖ командасы жер мен суда ғана емес, виртуальді кеңістікте де мықтылығын дәлелдеді. Киберспорт ойынында құрметті 2-орын алып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл жеңіс тек компьютерде ғана емес – үйлесімді командалық рухтың, стратегиялық ойлау қабілеті мен жеңіске деген шынайы құлшыныстың белгісі еді.  

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы Х спартакиадасының шиеленіске толы, қызықты да жарқын үш күнінің қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» командасы жалпыкомандалық есепте 28 медаль, соның ішінде 11 алтын, 8 күміс, 9 қоламен  жеңіс тұғырына көтерілді.   Демалыс күндері екеніне қарамастан ҚТЖ командасының әр ойынына қызу әрі белсенді жанкүйер болған жүздеген теміржолшылар  үміті мен сенімі ақталды! Бұдан бөлек, ел өңірлерінде еңбек ететін  теміржолшылар онлайн дауыс беруге қатысып, ҚТЖ-ның «Ең әдемі спорт киім үлгісі», «Ең мықты команда», «Ең белсенді жанкүйер», т.т.  номинацияларда жеңімпаз атануына себепші болды. Спартакиаданың жабылу салтанатында «ҚТЖ-мықты! ҚТЖ-чемпион! ҚТЖ алға!» деп ұрандатқан дауыстар залды жаңғыртты. Спартакиада кубогы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке табыс етілді.  

Жаңалықтар
09.06.2026
Алматы өңірінде теміржол инфрақұрылымын көктемгі тексерудің қорытындысы шығарылды
Жаңалықтар
09.06.2026
Құрық пен Махачкала порттары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жолаушылар тасымалы
09.06.2026
ҚТЖ жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдамақ
Жүк тасымалы
09.06.2026
Алашаңқай станциясында алғаш рет қатты желдің салдарынан 14 төтенше дайындық режимі енгізілді
Сұхбат
09.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы теміржол қатынасын қалай дамытып жатыр?
Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық
Аймақтар
09.06.2026
Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды
Жаңалықтар / Мұрағат
09.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №44 9 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
08.06.2026
Вокзалда тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды
Аймақтар
08.06.2026
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет
Жаңалықтар
08.06.2026
Alstom Қазақстанда жаңа сервистік депо салып жатыр
Инфрақұрылым
08.06.2026
Сексеуіл стансасында жаңа вокзал құрылысы қарқын алды
Инфрақұрылым
08.06.2026
Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Жаңалықтар
08.06.2026
Бакуде Қазақстанға арналған алғашқы контейнерлік кеменің құрылысы басталды
Спорт
08.06.2026
ҚТЖ алғаш рет футзалдан балалар арасындағы республикалық турнир өткізді