Конституцияның 30 жылдығына орай «Қазкөліккәсіп» дартс турнирін ұйымдастырды

Спорт
29.08.2025, 08:55
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Конституцияның 30 жылдығына орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалының ұйымдастыруымен бірлестіктің белсенді қызметкерлері арасында дартс ойынынан жарыс өтті.

Атап айтқанда, жарыс ҚТЖ-ның еншілес ұйымдары бойынша кәсіподақ басшылары және компанияның БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылып, ерлер мен әйелдер бөлініп ойнады.  

Іс-шараны сөз сөйлеп ашқан бірлестіктің төрағасы Оразғали Ахметбаев жарыс қатысушыларын алдағы ресми маңызды мерекемен құттықтап, ойында сәттілік тіледі. 4 кезеңнен тұрған ойынға «Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалы төрағасының орынбасары Әбүйір Жұмаев қазылық етті. Әр кезеңде қатысушылар 3 рет нысана көздеуге мүмкіндік алды.  

Барлығы 12 адам қатысқан жарыста ерлер арасында бірінші орынды «Қазақстан теміржолшысы» газетінің орыс редакциясы тобының жетекшісі Руслан Рахметов иеленсе, әйелдер арасындағы ойында осы басылымның қазақ редакциясы тобының жетекшісі Сұлугүл Бакесова жеңімпаз болды. Сондай-ақ әйелдер арасында 2,3-орындарды компанияның Бас есептеу орталығы бойынша кәсіподақ төрайымы Гүлнар Омаржанова және «Қазақстан теміржолшысы» газетінің шолушысы Райхан Рахметова алды. Ерлер арасында 2,3-орындарды ҚТЖ Баспасөз қызметі медиа редакциясының операторы Есенаман Шамау және Астана электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша Кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Бейсенбаев иеленді. Іс-шара соңында барлық жүлдегерлер грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты