Теміржол ардагерлері шағын футболда бақ сынады

Спорт
09.10.2025, 11:02
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығына орай Шу машиналандырылған жол дистанциясы бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ардагер теміржолшылар арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Дистанцияда әр жылдарда еңбек еткен аға буын жарысқа алты бірдей команда қосып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жалпы теміржолшы біткен физикалық тұрғыда үнемі ширақ жүретіні түсінікті. Ал спортта шынығудан бөлек тактикалық дайындық керек. Ұрпақтар сабақтастығын сақтап, түрлі турнирлерге алдыңғы толқынды да жиі шақырып тұратындығынан шығар, алаңда ардагерлердің бабында екені байқалды.  

– Негізі спартакиада, турнирлерде командалар дистанциядағы цех бойынша бөлінетін. Ал ардагерлер бір ғана атау таңдап, санмен даралауды жөн көрген екен. Финалда «Шу – 2» құрамасы жеңіске жетті. Чемпиондарға есе жіберген «Шу – 4» 2-орынды қанағат тұтты. «Шу – 1» үздік үштікті түйіндеді. Жарыста үш командаға арнайы жүлде тігілді.

Ойыншылар арасындағы ең жасы үлкен Самат Құламаев – «Үздік қақпашы» атанып, арнайы жүлдеге ие болды. Үздік шабуылшы, қорғаушылар да сый-сияпатсыз қалған жоқ, - дейді Шу машиналандырылған жол дистанциясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тоғжан Молдабаева.

Жарыс соңында жүлдегер командалар, үздік ойыншылар кәсіподақ ұйымының атынан арнайы кубок, дипломдармен марапатталды.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты