Тораптық жарыста топ жарды

Спорт
16.12.2025, 11:18
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен Тараз станциясында ерлер арасында шахмат пен дартс атудан тораптық жарыс өтті.

Тәуелсіздік күні және теміржолшылар кәсіподағының 120 жылдығына арналған турнирге Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты құрылымдардың қызметкерлерімен қатар ардагер теміржолшылар да қатысты.  

– Шахматшыларға шапшаң ойлау, жылдам саралай білу және шыдамдылық керек. Теміржолшылардың бойында осы қасиеттер қалыптасқан. Соңғы жылдарда сала қызметкерлері арасында мықты ойыншылар көптеп танылып келеді. Бұрын ешкім ардагерлерден басым түсе алмаса, кейінгі кездері жаңа шеберлер пайда бола бастады. Әйтсе де, кешегі шахмат турнирінде тағы да аға буын жеңіске жетті. ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан Андрей Швалев 1-орынды олжала ды. Ал 2-орынды ЭЧ-21 дистанциясының оқыту шебері Марат Құлбаев еншілесе, ЭЧ-23-тің аға энергодиспетчері Жарас Тұрарбек үздік үштікті тәмамдады, – деді «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт нұсқаушысы Евгений Тян.  

Дартс ату жарысында ВП-35 қалпына келтіру пойызының бастығы Махат Байдалиев жеңімпаз атанды. Ардагер теміржолшы Андрей Швалев мергендер бәсекесінде де мықты екенін дәлелдеп, 2-орынды иеленсе, ШЧ-36 Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының еңбекті қорғау инженері Ержан Ахметбеков 3-орынның жүлдесін олжалады. Кәсіподақ филиалы атынан жарыс жүлдегерлеріне сыйлықтар тапсырылып, ойыншылар грамоталармен, медальдармен марапатталды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды