Атыраулық теміржолшылар баскетболдан үздіктерді анықтады

Спорт
30.03.2026, 18:22
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Салауатты өмір салтын ұстанған теміржолшылардың өмірі спортпен сабақтас. Тек салалық емес, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде де жетістікке жетіп жүрген теміржолшы-спортшылар аз емес.

Жуырда Атырау қаласында «Қазтеміржолкәсіп» орталық кеңесі Атырау өңірі бойынша өкілдігінің және спорт нұсқаушыларының бірлесе ұйымдастыруымен баскетболдан «ҚАЗПРОФЖЕЛ-2026» іріктеу турнирі өтті. Турнирге 5 команда – ВЧДЭ-1, ТЧЭ-3, ЭЧ-4, ШЧ-8, ШЧ-9 командалары қатысып, өзара сайысқа шықты. Қарсыластың кедергісіне қарамастан допты қақпайлап алып жүріп, қашықтан, жақыннан нысанаға атып, торға дәл түсіру аса шеберлікті қажет етеді. Доп бірде дөп түсіп, бірде қапы кетуімен қызықты болып, ойын өте тартысты өтті.  

Нәтижесінде 3-орынды ВЧДЭ-1, 2-орынды ЭЧ-4, ал жүлделі бірінші орынды ТЧЭ-3 командалары иеленді. Локомотившілердің көш басынан көрінуі бірінші рет емес, бұл жолы да ерледі.  

«Енді бұл жеңімпаз команда «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша баскетболдан өтетін жарысқа қатысып, өңірдің намысын қорғайтын болады», – дейді спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиев.  

Жүлделі орын алған командалар турнир кубогы, арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.  

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес