Қызылордада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті

Спорт
16.04.2026, 12:16
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңіріндегі теміржолшы ардагерлер кенесінің терагасы Марат Шайжан бөлімше ардагерлерінің арасында шахмат жарысын ұйымдастырды. Өткен күннен естелік айтып, сала жұмысының бүгінгі тыныс-тіршілігін сөз еткен ардагерлердің шахмат турнирі қызықты әрі тартымды өтті.

Аймақ теміржол саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосып, артында ұмытылмас үлгі қалдырған теміржолшы ардагерлер күні-бүгінге дейін саланың жұмысынан қол үзіп кетпей әрдайым бөлеміше теміржолшыларының тілеуін тілеп отыратын қамқор қарияға айналған. Олардың тәжірибесі, тәлім-тәрбиесі бөлімше абыройының асқақ болуына қызмет етуде. Әрдайым ізбасарларының жанынан табылатын ардагерлер шахмат жарысын өткізіп, салауатты өмір салты мен көңіл сергіту қашан да адам жанына қуат беретінін насихаттауда. Ардагерлер турына Бауыржан Ахметов басқаратын «Қазтеміркәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының белсенділері қолдау білдірді.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің ардагерлері арасында шахмат сайысына станцияда тұратын 12 ардагер қатысты. Олардың қатарында ТЧ ардагері Асқар Тілеуқабылов, ШЧ ардагерлері Мақмұт Майгелдиев пен Әділ Мамбетoв, НОДГП ардагері Аймахан Қойшиев, ПЧ ардагері Ақылбек Әбілдаев және «Теміржолсу» мекемесінің ардагері Қалданез Айдарқұловтар болды. Қатысушылар өздерінің жоғары спорттық деңгейін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті.

– Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Қалданез Айдарқұлов иеленді. Оған ардагерлер кеңесінің төрағасы Шайжан Мұхтар Абай жолы төрт томдығын сыйға тартты. 2-орынға ие болған Әділ Мамбетoв «Көшпенділер» кітабының толық жинағын алды. Ал 3-орынды иеленген Аймахан Қойшиевқа тележүргізуші Бейсен Құранбек туралы «Бейсен-болмыс» естелік кітабы табысталды. Қалған қатысушыларға «Қазақтың бата-тілектері» кітапшалары үлестірілді. Осындай тағылымды әрі тартымды жарыстар алдағы уақытта да жалғаса береді, – дейді ардегерлер кеңесінің төрағасы Марат Шайжан.

Әріптестер арасында турнир ұйымдастырып саладағы жаңалықтармен бөлісіп, бас қосу бір ғанибет болса, қызықты сәттерді өткерген жандарға жүлде ретінде кітаптың таңдалуы да тегін емес. Ардагерлер кеңесінің төрағасы бұл шешімнің астарында терең мән бар екенін атап өтті. Өмір бойы теміржол саласына қатысты сан алуан нұсқаулықтар мен қызметтік хабарламаларды оқумен өткен ардагерлер үшін кітап – үлкен қазына. Олар осылайша, оқуға деген құштарлықтың ешқашан сарқылмайтынын көрсетіп, кейінгі ұрпаққа өнеге болуды мақсат еткендей.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты