Семейлік теміржолшылар республикалық марафонда үш «алтын» иеленді

Спорт
04.05.2026, 11:32
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда, 3 мамыр күні Астана қаласындағы ботаникалық бақта «Самұрық-Қазына» қорының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі   «IV CHARITY SAMRUK MARATHON» сайысына Семей теміржолынан сегіз адам қатысты

Еліміздің әр өңірінен келген жалпы саны 3000-нан астам адам қатысқан жарысқа аймақтардан «сен тұр, мен атайын» дейтін кілең мықтылар іріктелгені даусыз. Дәстүрлі сайыс жыл сайын өткізілетіндіктен барлық теміржолшылар жоғары деңгейдегі даярлықтан өткен және тәжірибе жинап үлгерген әуесқой спортшылар.  Абай елінен сайланып шыққан жігіттер үшін теміржолшылар намысын қорғау оңайға түспепті. Әйтсе де, осынау байрақты бәсекеде үш теміржолшының бағы жанып, үшеуі де алдарына қара салдырмай бірінші орынды еншілегені – сүйінші сұрап айтарлық қуанышты хабар.  

Атап айтсақ, жарыста ұзақ даярлықтан өтіп, бабы келіскен Семей магистральдық желі бөлімшесінің техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділов өз жас санатында 5 км шақырымға жүгіруден бірінші орынды жеңіп алды. Ал Семей станциясының вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші Еркебұлан Ахмадиев пен Семей жол дистанциясынан қатысқан Руслан Бекешов 10 шақырымға жүгіруде өз жас санаттары бойынша жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Жігіттер алдағы уақыттарда өтетін республикалық деңгейдегі өзге сайыстарда да Семей теміржолының намысын қорғайтын болады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты