Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды

Спорт
20.05.2026, 11:30
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Абыр-сабыр Семей вокзалына ауыр дем алып № 037Т «Маңғыстау-Семей» пойызы келіп тоқтаған сәтте хабарлама жасап тұрған диспетчер дауыс зорайтқыш арқылы тағы да асқақ үнмен саңқылдап қоя берді.  

«Жолаушылар арасындағы Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы, Үндістан астанасы Делиде өткен халықаралық жарыстың әлем чемпионы, Семей электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Аманжол Аусыдықов Ақтау қаласынан тағы да жеңіспен оралды. Теміржолшыны Азия чемпионы атануымен құтықтаймыз» деді вокзал диспетчері салтанатты дауыспен.

Бұл сәтте «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов пен ЭЧ-18 басшылығы бастаған теміржолшылар №12-ші вагонның алдында күтіп тұрған болатын. Алтын медальды өңіріне тағып, ҚТЖ туын желбіреткен чемпион есіктен күлімсіреп түсіп келе жатты. Сарт-сұрт соғылған шапалақ пен қошеметке толы ұран сөздер вокзал аспанын жаңғырықтырды.     

 

Осынау ерекше сезімдерге толы сәтте Семей НОД-ЖТ кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова көпшілікке шашу шашып, барша әріптестері жеңімпазды құшақ жая қарсы алды. Теміржол вокзалының іргесіне жеңімпаздың құрметіне орай қызыл кілем төселіп, безендіріліп, сахна жасалған болатын. Жиналған көпшілік алдында Есен Асқарұлы сөз алып, барша жерлестерінің атынан ыстық тілегін жеткізді. Өз кезегінде бөлімшенің спорт нұсқаушысы, чемпионның бапкері Наталья Мешкова да құттықтау лебіз білдірді. Сонымен қатар, жеңімпаздың иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылды.

Ал, қорытынды сөз алған чемпионның өзі қолдау көсеткендері үшін барлық әріптестеріне, ҚТЖ басшылығына алғысын білдіріп, осынау бәсекеге баруына демеу болған салалық кәсіподақ ұйымына рахметін жаудырды.

Аманжол жаттығуды бірер күннен соң қайта жалғастырмақ. Себебі, алдағы күзде Балтық жағалауындағы Латвия елінде гір көтеру спортынан әлем чемпионаты жалауын көтермек. Сан түрлі сайыстарда өзімен бірге алып жүрген ҚТЖ туын осынау халықаралық жарыстағы жеңіс тұғырынан тағы да желбіретсем деп отыр.  

 

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд