Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Спорт
28.05.2026, 11:44
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жұмыс сапарымен аймаққа келген «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Амангелді Төреғожин, бас техникалық инспектор Қайрат Мұқанов, Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметовтер «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының ұйымдастырумен өткізілген бильярдтан жартылай финал турнирінің ашылу салтанатына қатысты. Ойынның салтанатты ашылуында әріптестеріне кәсіподақ ұйымы әрқашан теміржолшылардың салауатты өмір салтын берік ұстанып, денсаулық сақату мәселесіне айрықша көңіл бөлінетінін айтып ойынды сәтті өткізулеріне тілектестік білдірді.  

Спорт инспекторы Бақытжан Имбергенов жартылай финалға қатысушыларды ойын шарттарымен таныстырып, жолдама сарапқа салынатынын және оны барлық қатысушылардың ұтып алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Бұған дейін Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда станциядарында тораптық іріктеу турларында жеңімпаздар арасында өткізілген бұл жарыс бір сөзбен айтқанда кіл мықтылардың арасындағы тартыс болғандықтан өте қызықты өтті. Әнұранмен басталған турнир арнайы шақырылған төрешінің ойын жеребесін тартуымен жалғасты. Жеребе тарту нәтижесінде Сексеуіл жол дистанциясының өкілі Аманжол Құлжанов, Сексеуіл локомотив пайдалану депосының машинисі Рақымжан Құлжанов, Қазалы ШЧ-40 мекемесінен Қылышбек Боранбаев, Қызылорда жол дистанциясынан Еркебұлан Сабырханов, қазалылық Есен Құсанов, Қызылорда ЖТ бөлімшесінен Талғат Сыздықов, Қызылорда локомотив пайдалану депосынан Жомарт Төреханов, ЦД ұжымынан Дархан Биманов, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінен Саят Шабарханов пен Қуат Әділовтер бильярд столында бақ сынасып жүлде үшін жарысқа түсетіні анықталды. Жеребеге сай өзара қарсыластарымен алғашқы айналымды өткізгендер келесі айналымға өтіп жеңіске біртабан жақындай түсті.

Жалпы, бильярд өзіндік ерекше мәдениетімен, философиясымен аймақ теміржолшыларының белсенді түрде ойнайтын спорт түріне айналып келеді. Турнир партияларының әрқайсысында үшбұрышқа жиналған шарларды алғашқы соққымен жан-жаққа шашыратудан бастаған жүлдегерлер қарсыластарына кезек бермей сериялы соққы жасау, шарды алдымен қарсы бортқа соғып, содан кейін барып лузаға түсіру секілді кәсіби әдіс-тәсілдерді қолданып көрермендердің қошеметіне бөленіп жатты. Алма кезек ойын өткізіп өзара мықтыға есе жібергендер қатардан сытылып жатса, жеңіске жақындағандардың мерейі үстем бола бастады. Ойын нәтижесінде қолсозым жердегі жолдама жүлдесіне жақындаған төрт ойыншы қарасы ерекшелене бастады.  

- Жолдаманы сарапқа салған тастаяқ шеберлері арасынан оқ бойы озып шыққан Қызылорда жол дистанциясынан Еркебұлан Сабырханов жүлделі 3-орынды қанағат тұтты. 2-орынға Қызылорда ЖТ бөлімшесінің инженері Талғат Сыздықов көтерілсе, 1-орынды Сексеуіл жол дистанциясынан келген Аманжол Құлжанов қанжығалады. Жүлдегерлер арасындағы тартысты ойын нәтижесінде алғашқы орын иегерлері алдағы уақытта Қарағандыда өтетін финалдық ойын жолдамасына ие болып, аймақ намысын қорғайды, - деді спорт инспекторы Бақытжан Имбергенов.

Жартылай финал ойындарының қауіпсіз әрі қызықты өткізілуі үшін мекемелердің кәсіподақ ұйымдарының белсенділері ереше үлес қосты. Жүлдегерлердің кубок, грамота, ас-суы мен сый-сияпаттары кәсіподақ ұйымы тарыпнан әзірленіп жеңімпаздарға табыс етілді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда