Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады

Спорт
23.06.2026, 09:13
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станиясындағы салалық мекемелер арасында теннистен кезекті сайыс өтті. Кәсіподақ ұйымдары белсенділері мен «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының мұрындық болуымен өткізілген жоспарлы додаға өңірдегі барлық мекемелерден ойыншылар қатысып, бақ сынады.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты кездесулер өткізді. Әрбір ойын жеңіске деген жігер мен спорттық рух сыйлады. Қызылорда ЖТ бөлімшесінің қызметкері Әмір Матжанов теннистің нағыз шебері екенін көрсетіп, әдемі ойын өрнегімен дараланып бірінші орынды иеленді. Екінші орын «НОДГП-10» командасының ойыншысы Талғат Сыздықовқа бұйырса, үшінші орынды «ЭЧ-25» командасының мүшесі Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкері Бақыт Иманәлиев иеленді.  

Жалпы, қызылордалық теміржолшылар қатарында теннис ойнаумен тұрақты айналысатындар қатары көбейген екен. Бүгінгі спорттық шара бұл тұрғыда нағыз шеберлік сайысы болды десек қателеспейміз. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кәсіподақ ұйымдары тарапынан әзірленген арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Спорт секторының жетекшісі Бақытжан Имбергеновтің айтуынша, мұндай спорттық шаралар теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, ұжымдық бірлікті нығайтып, корпоративтік мәдениетті дамытуға зор ықпал етеді.  

–Теміржолшылар арасындағы достық пен татулықты қалыптастыру, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл спорттық сайыс өз деңгейінде өтті. Бұл жерде мекемелердің кәсіподақ ұйымдары төрағаларының еңбегі зор,– деді ол.  

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды