Аядай бекеттегі Әлем чемпионы

Спорт
17.07.2026, 08:30
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының шеткі нүктесі Болашақ станциясына қарасты Құрмаш бекетінің кезекшісі Әлихан Аббасты теміржолшылар жақсы білсе керек. Екі жыл бұрын қатарынан екі рет әлемдік спорттық додада еліміздің туын көкке көтерген теміржолшы жігіт – АРАШИ ММА бойынша Қазақстанның спорт шебері және осы спорт түрінен Әлем чемпионы.

Алдыңғы жылы Египеттің Каир қаласында өткен жарысқа қатысып, жиырмаға жуық елдің спортшылары арасынан суырылып шығып, «ARASHI MMA world championship 2024» жеңімпазы болып оралған Әлиханның тобы командалық есеппен бірінші орынға шығып, Қазақстан қоржынына 17 алтын салды. Қазақ балалары Африка құрлығында еліміздің Әнұранын шырқатып, Әлихан Қазақстан туымен қатар ҚТЖ туын да алып шыққан болатын.  

Сондай-ақ Үндістандағы Азия ойындарына да қатысып, алтын медаль алған ММА жауынгері жан-жақтылығымен де танымал. Спорттың бір түрімен ғана айналысып қоймайды, ММА-ден де басқа жетістіктері көп. Күрестің арнайы тәсілдерін жетік меңгеріп, соның ішінде қоян-қолтық ұрыс бойынша Қырғызстанда өткен ОРЕN турнирінің чемпионы және греплингтен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз болған. Бокстан үш мәрте Қазақстан чемпионы. Студенттер арасында өтетін универсиада ойындарында үш жыл қатарынан бірінші орын алған. Қазір «АРАШИ ММА» федерациясының Жаңаөзен қаласындағы жаттықтырушысы. Талай қаракөздің спортты серік етіп, жаман әдеттен аулақ болуына септігін тигізіп жүр.  

– Египетте өткен әлемдік жарысқа қатысу кезінде қолымды сындырып алғанмын. Соған қарамастан, сынған қолмен-ақ жеңіске жеттім. Елге келіп емделуді бастап, жарыстардан біраз уақытқа демалысқа кеттім. Жоспарларым көп болатын. Шәкірттерімді Аргентинаға алып баруды, өзім Абу-Даби мен Ресейдегі және басқа да үлкен жарыстарға қатысуды ойлағанбыз. Оған уақытша денсаулығым жарамаса, кейін қалпына келгесін қаржы мәселесі қолбайлау болды. Египеттегі жарысқа теміржолдың жергілікті кәсіподағы қаржылай қолдау көрсетті. Шетелге шығу арзанға түспейді. Оны шағын бекетте кезекші болып еңбек ететін менің жалақым көтермейді, сондықтан да қазір әлемдік додаларға қатыса алмай отырмын.Бұл аралас жекпе-жек болғасын олимпиадалық спорт түрлеріне жатпайды. Оған демеушілер болмаса, басқа жерден қаржы қарастырылмайды. Ал менің армандарым көп. Әлі талай жерде, бірнеше құрлықта еліміздің көк туын желбіретсек деймін, – деп арманымен бөлісті Әлихан.  

Өткен жылы өмірлік серігін жолықтырып, отау құрған Әлихан жақында әке атанды. Жас жұбайлардың шаңырағында Айдария есімді ару дүниеге келді.  

 

 

Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек