Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті

Спорт
24.07.2026, 08:42
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған ардагерлер арасындағы шахмат турнирі темір жолға саналы ғұмырын арнаған ақмолалық зейнеткерлердің басын қосты.

Ақыл мен ой, зейін мен зеректік, шапшаңдық пен ұтқырлық таразы басында теңесетін зияткерлік ойынының жоғары деңгейде өтуіне Ақмола өңірінің ардагерлер кеңесі мен «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Ақмола филиалы ұйытқы болды.  

Жарысқа 11 теміржолшы ардагер қатысты. Турнир тек қызықты әрі тартымды ойын сайысы ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің сағына кездесіп, бірлесе жұмыс істеген жылдарын еске алып, шер тарқатып, көтеріңкі көңіл-күймен әзілдесіп, әңгімелескен басқосу алаңы болды.  

Десе де, жарыстың аты жарыс емес пе?! Шаршы тақтаның үстінде шахмат фигураларын «соғыстырып», патшаны «өлтіруге» барын салған 11 ойыншының арасынан суырылып шығып, қарсыластарын шаң қаптырған үш зейнеткер турнир жеңімпаздары деп танылды. Олар бірінші орынды еншілеген Илья Мателенок, екінші орынды иеленген Марат Мұсабаев және үшінші орынды місе тұтқан Сансызбай Әлжанов болды.  

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты