Гүлжан Аманова «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында шахматтан турнирде қола медаль жеңіп алып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамасы қоржынына тағы бір елеулі награда әкелді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Теміржол магистралінің өкілі стратегиялық шеберлікті, күрделі позициялардағы салқынқандылықты және ойынды жақсы игергендігін көрсетіп, лайықты үшінші орынды сенімді иеленді. Аманова Гүлжан - «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақтөбе» (Орал) филиалының персонал жөніндегі менеджері.