Жігіттердің осалы жоқ

Спорт
22.09.2026, 08:19
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда Темір жол барысы анықталды. Өңірдегі теміржол мекемелері арасында қазақ күресінен «Темір жол барысы – 2026» жарысы ұйымдастырылып, күш пен шеберлік сынға түсті.

Үш түрлі салмақ дәрежесі бойынша болған белдесуде үміткерлер қатары көп болды. Түбек теміржолының алысжақын станциялары мен түрлі мекемелерден қатысушылар келді. Жарыс теміржолшылар спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен Шетпе станциясында өтті.  

Күрес қорытындысы бойынша ең жеңіл 66 келі салмақта 1-орын Жұмабай Матвафаевқа, 2-орын Ақниет Айболатұлына, 3-орын Ғарифулла Досқыловқа бұйырды. 80 келі дәрежесінде күш сынасқандар арасында 1-орынды Бауыржан Ботабаев, 2-орынды Досан Жұбандық, 3-орынды Ситқазы Қадызан алды. 80+ салмақта жас болса да күштілігімен, ептілігімен 1-орынды Мейрамбек Марханбетов, 2-орынды Еламан Асқанбай, 3-орынды Бауыржан Нұрбаев иемденді.  

Бір мекемеден екі адам жоғары жетістікке жеткендер де болды. Маңғыстау локомотив депосының, «Теміржолсу Маңғыстау» мекемесінің қос қызметкері жеңімпаздар қатарынан көрінді. Солардың бірі ауыр салмақта бірінші орын алған Мейрамбек Марханбетов Жаңаөзен айналым депосында машинист көмекшісі. Тепловоз машинисінің отбасында тәрбиеленген бес баланың тұңғышы жастайынан дзюдомен айналысқан екен, сондықтан қазақ күресінде қарсыласын аударып ұру онша қиынға соқпапты.  

«Теміржолсу Маңғыстаудың» атынан 80 келі салмақта күш сынасып, бірінші орынға жайғасқан шетпелік Бауыржан Ботабаев та көп жыл осы мекемеде еңбектеніп зейнетке шыққан әкесінің жолын жалғаған. Саладағы он бес жылға жуық тәжірибесі бар маман бала кезден спортқа біртабан жақын өскен екен.  

Осы мекеменің тағы бір қызметкері, 66 келі салмақтағы Темір жол барысы атанған – Жұмабай Матвафаев. Бүгінде КНС машинисі болып жұмыс істейтін ол да ата-анасының мамандығын жалғастырып жүр екен. Жас кезінде грек-рим күресімен кәсіби түрде шұғылданыпты. Қысқасы, жеңіске жеткен жігіттердің осалы жоқ.  

 

Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда